3M Peltor WS Lite-Com Mode D'emploi page 298

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ПЕРНЕЛЕР (A суреті)
1.
ON/OFF/MODE (Θ) Құлақаспапты қосады және сөндіреді, сондай-ақ мәзірдегі функциялардың арасынан
біреуін таңдауға мүмкіндік береді.
2.
UP (+) Таңдалған функция деңгейін көтереді.
3.
DOWN (–) Таңдалған функция деңгейін төмендетеді.
4.
PTT WS Lite-Com радиобайланысына арналған «Бас та сөйлей бер» функциясы.
5.
BT Bluetooth түймесі
РАДИОЖИІЛІК
Гарнитурадағы байланыс радиосы 8 PMR арнасында (446,00625, 446,018750, 446,031250, 446,043750, 446,056250,
446,068750, 446,081250 және 446,093750 МГц) жұмыс істейді. Бұл арналар Еуропа Қоғамдастығында лицензияны
қажет етпейді.
ЕСКЕРТУ! Жергілікті басқару органдарынан аймағыңызда лицензия керек-керек еместігін анықтап алыңыз.
ОРНАТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
Басқа тағылатын бөлік (B суреті)
Құлақаспаптың табақшаларын шығарып, гарнитураны құлақ жастықшалары тығыз тұратындай етіп тағыңыз. (1)
Басқа тағылатын бөлікті ұстап тұрып, табақшаларды жоғары немесе төмен сырғыту арқылы олардың биіктігін
реттеңіз. (2)
Басқа тағылатын бөлік бастың жоғарғы жағында тұру керек. (3)
Дулығаға бекіту тетігі (K суреті)
Дулығадағы тесікке бекіткішті орнатыңыз (1).
Табақшаларды екі қалыпта орнатуға болады: Желдетілетін қалып (2) немесе жұмыс қалпы (3).
Шудан оқшаулау үшін қолданғанда, табақшаларды жұмыс қалпына орнату керек!
Бас бөлігінің сымдарын, екі жағында сырт еткен дыбыс шыққанша ішіне қарай басыңыз. Табақша немесе бас
бөлігінің сымдары дулығаның астарына немесе шетіне тығыз қысылып тұрмау керек. Јйтпесе, шуды оқшаулау
функциясы істемей қалуы мүмкін.
Ескерту! Дымқыл поролонды табақшаларды еш уақытта дулығаға орнатпаңыз! (4)
РАДИОБАйЛАНЫСТЫ ПАйДАЛАНУ
ON/OFF/MODE (Θ)
Гарнитураны қосу үшін, ON/OFF/MODE (Θ) түймесін 3 секундтай басып тұрыңыз.
Біртіндеп күшейген сигналдар үйлесімі құрылғының қосылғанын растайды және түймедегі LED (жарық
шығаратын диод) жылдам жыпылықтай бастайды.
«No paired devices» (Жұптасқан құрылғылар жоқ») немесе «connecting Bluetooth, connect failed» (Bluetooth
байланысы қосылуда, байланыс орнатылмады) хабары естілсе, гарнитураға жалғанған Bluetooth құрылғысы жоқ
екенін білдіреді.
«Connecting Bluetooth, connected» (Bluetooth байланысы қосылуда, байланыс орнатылды) хабары естілсе,
гарнитураға Bluetooth құрылғысының жалғанғанын және екеуінің арасында байланыс орнатылғанын білдіреді.
«Connecting Bluetooth, connect failed» (Bluetooth байланысы қосылуда, байланыс орнатылмады) хабары естілсе,
гарнитураға Bluetooth құрылғысы жалғанғанын, бірақ екеуінің арасында байланыс орнатылмағанын білдіреді.
Төмендегі «BLUETOOTH ФУНКЦИЯСЫ» бөлімін қараңыз!
Мәзір бойынша жылжу үшін, ON/OFF/MODE (Θ) түймесін қысқа ғана басыңыз. Түймені әр қадамда бір рет басып
отырыңыз. Дауыстық хабарлама әр қадамды растап отырады. Түймені тым жылдам басып жіберсеңіз, соңғы
функцияның толық дауыстық растауы ғана беріледі. Құрылғыны өшіргенде, ағымдағы параметрлер сақталады.
Гарнитураны өшіру үшін, ON/OFF/MODE (Θ) түймесін 3 секундтай басып тұрыңыз.
296

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières