2.2 Электртоғына қосу
АБАЙЛАҢЫЗ!
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
қатеріне ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Ашық есікке күш салмаңыз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жарақаттау, өртену немесе құрылғыға
зақым келу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін жүйелі түрде
тазалап тұрыңыз.
• Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе
тазартқыш зат қалдығының жиналуына
жол бермеңіз.
• Құрылғының ішінде қалған май және
тағам шағын толқын функциясы жұмыс
істеген кезде өртке және электр доғасы
түзілуіне әкелуі мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды
ғана қолданыңыз. Жеміргіш өнімдерді,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
2.5 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
• Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.6 Құрылғыны тастау
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі
бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
кабелін кесіп, утилизациялаңыз.
ҚАЗАҚ
41