• ЕСКЕРТУ: Есік немесе есік тығыздағыштары
зақымдалса, құрылғыны білікті адам жөндегенше
пайдаланбау керек.
• ЕСКЕРТУ: Сұйықтықтарды және басқа тамақтарды
тығыздалған ыдыстарда қыздырмаңыз. Олар жарылуы
мүмкін.
• Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруы
тиіс.
• Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
• Керек-жарақтарды немесе тұмпапеш ыдыстарын алу
немесе салу үшін әрқашан тұмпапеш қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесі арқылы басқармаңыз.
• Тағам мен сусындарға арналған металл сауыттарды
шағын толқынмен пісірген кезде қолдануға рұқсат
берілмейді.
• Шағын толқынды пештерде пайдалануға болатын
құралдарды ғана пайдаланыңыз.
• Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған
кезде, құрылғыны қадағалаңыз, тұтанып кетуі мүмкін.
• Құрылғы тамақ пен сусындарды қыздыруға арналған.
Тамақты немесе киімдерді кептіру және жылыту
төсемелерін, тәпішкені, ысқыштарды, дымқыл шүберекті
және ұқсас нәрселерді қыздыру жарақат алу, тұтану
немесе өрт қаупіне әкелуі мүмкін.
• Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз немесе розеткадан
ажыратыңыз және кез келген алауды өшіру үшін есікті
жабық ұстаңыз.
• Сусындарды шағын толқындармен қыздыру
кешіктірілген жарылғыш қайнауға әкелуі мүмкін. Ыдысты
ұстаған кезде сақ болу керек.
• Күйіктерді болдырмау үшін тұтыну алдында тамақ беру
бөтелкелерінің және нәресте тамақ құтыларының
ҚАЗАҚ
39