ішіндегісін араластыру немесе сілку және
температурасын тексеру керек.
• Қабығы ашылмаған жұмыртқаларды және бүтін қатты
қайнатылған жұмыртқаларды құрылғыда қыздырмау
керек, өйткені олар тіпті шағын толқындармен жылыту
аяқталғаннан кейін де жарылуы мүмкін.
• Құрылғыны таза күйде ұстамау беттің нашарлауына
әкелуі мүмкін, ал бұл құрылғының қызмет көрсету
мерзіміне теріс әсер етуі және қауіпті жағдайға әкелуі
мүмкін.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қол жететін беттердің
температурасы жоғары болуы мүмкін.
• Құрылғыны бос кезде белсендірмеңіз. Қуыс ішіндегі
металл бөліктер электр доғаны тузуі мүмкін.
• Құрылғыны жүйелі түрде тазалау және бүкіл тамақ
қалдықтарын кетіру керек.
• Құралды тазарту үшін бумен тазартқышты
пайдаланбаңыз.
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіріп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Құрылғыны сәнді есігі ашық күйде (егер қолданылса)
пайдалану керек.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
АБАЙЛАҢЫЗ!
Осы құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
40
ҚАЗАҚ
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес
ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
• Құрылғының бүйір жақтарында биіктігі
осы құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылар орнатылуы керек.