154 | Қазақ
жазбаларына қол жеткізу үшін, аккумулятор электр
құралына салынуы керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін,
u
электр құралды және желдету саңылауларын таза
қалыпта ұстаңыз.
Электр құралын құрғақ ұстаңыз. Ластанған жерлерді
суланған шүберекпен ғана сүртіңіз.
Электр құралын XL‑BOXX ішінде сақтаңыз немесе
тасымалдаңыз.
Электр құралының қауіпсіз жұмысын барынша ұзақ
қамтамасыз ету үшін оған 20000 жұмыс циклінен кейін
немесе кеш дегенде 4 жылдан кейін техникалық қызмет
көрсету керек. 20000 жұмыс циклінен асырған
жағдайда, күй индикаторы (3) сары түспен жанып
тұрады.
Электр құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету
орталығына техникалық қызмет көрсетуге жіберіңіз.
Нұсқау: техникалық қызмет көрсету аралығы сақталмаса,
кепілдік өз күшінен айырылады.
Тескіш (13) жүздерін қайта қайрамаңыз. Тиісті қалыптау
өнімділігін сақтау үшін, өтпей қалған тескішті мерзімді
түрде ауыстырыңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
1 609 92A B0Z | (22.11.2024)
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға
жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы
бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба
аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch
қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған
қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап
беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы
бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті
түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім
нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда
таба аласыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Bosch Power Tools