Télécharger Imprimer la page

Bosch GLH 18V-60 Professional Notice Originale page 152

Publicité

152 | Қазақ
Монтаждау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Өлшемі
Тапсырыс нөмірі
Қалып + тескіш жинағы
M16
2 608 001 157
M20
2 608 001 158
M25
2 608 001 159
M32
2 608 001 160
M40
2 608 001 161
PG9
2 608 001 162
PG11
2 608 001 163
PG13
2 608 001 164
PG16
2 608 001 165
PG21
2 608 001 166
PG29
2 608 001 167
PG36
2 608 001 168
Тартпалы бұранның, аралық төлкенің, қалыптың және
тескіштің таза және техникалық жағынан мінсіз күйде
екеніне көз жеткізіңіз.
Тартпалы бұранның (10) бұрандасын аздап майлаңыз
(Майлау түтігі: 1 615 430 010). Тартпалы бұранды (10)
пуансон бастиегіне (1) бұраңыз.
Алдымен жарамды аралық төлкені (11), содан кейін
қалыпты (12) тартпалы бұранға орнатыңыз.
Нұсқау: ирек ойма өлшемдері шағын болғанда, міндетті
түрде жарамды аралық төлке (11) (кестедегі деректерге
сәйкес) пайдаланылуы керек. Дегенмен оларды
үлкенірек ирек ойма өлшемдері үшін де пайдалану
ұсынылады, өйткені аралық төлке өңдеу аралығын және
осылайша қалыптау процесін қысқартады.
Пайдалану
Қалыптауға дайындау және қалыптау процесі
Аккумуляторды электр құралына тек қалыптау
u
процесін бастамас бұрын салыңыз. Қосу/өшіру
түймесі (9) байқаусызда басылса (мысалы, қалыптауға
дайындау барысында), жарақат алу қаупі бар.
1 609 92A B0Z | (22.11.2024)
Қалыптау құралын монтаждау
(A−B суреттерін қараңыз)
Қалаған қалыпталған саңылау өлшеміне сәйкес
монтаждалатын бөлшектерді таңдаңыз. Қалыптау
құралдары қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі металл табаққа
және қалыңдығы 2,5 мм-ге дейінгі тот баспайтын металл
табаққа арналған.
Ұсынылған Bosch қалыптау құралдары туралы ақпаратты
www.bosch-pt.com сайтынан немесе электр құралының
XL‑BOXX ішіндегі жапсырмадан табуға болады.
Тартпалы бұранмен
Қатысты аралық төлке
бірге пайдалану
(тапсырыс нөмірі)
(тапсырыс нөмірі)
(1 607 000 FL9)
(1 607 000 FV9)
(1 607 000 FM1)
(1 607 000 FM0)
(1 607 000 FL9)
(1 607 000 FV9)
(1 607 000 FM1)
(1 607 000 FM0)
Электр құралын кіріктірілген қалыптау
u
құралынсыз немесе қалып пен тескіштің арасында
табақ металсыз пайдаланбаңыз.
Электр құралының қатты қызуына жол бермеу
u
үшін электр құралын 15 минуттан ұзақ үздіксіз
пайдаланбаңыз.
Қалыптауға дайындау:
– Табақ металға орнатылған тартпалы бұран
диаметрінен (10) шамамен 0,5 мм саңылау
бұрғылаңыз (мысалы, сатылы бұрғымен).
– Тартпалы бұранды алдын ала бұрғыланған саңылау
арқылы салыңыз. Пуансон бастиегін (1) қалып (12)
табақ металға тегіс жататындай етіп бұрыңыз немесе
бұраңыз.
– Орнатылған қалыпқа сәйкес келетін тескішті (13)
табақ металға аздап қысыммен тірелетіндей күйде
тартпалы бұранға бұраңыз.
Қалыптау процесі:
– Аккумуляторды электр құралына енгізіңіз.
– Қалыптау процесін қосу және оны бастау үшін
қосу/өшіу түймесін (9) басып, түймені басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы (7) жанады.
Аралық төлке қажет
Bosch Power Tools

Publicité

loading