Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары
-
Осы құрылғыны қолданар алдында, егер сіз 2 ай
шамасында жақ сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне
операция жасаған болсаңыз, дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
-
Егер сізде кардиостимулятор немесе басқа
импланттық құрылғы болса, пайдаланар алдында
дәрігеріңізге немесе импланттық құрылғының
өндірушісіне хабарласыңыз.
-
Егер сізде медициналық проблемалар болса, осы
құралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
-
Бұл құрылғы — жеке күтім құрылғысы және
стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көп
емделушілерге қолдануға арналмаған.
-
Өнімді 5 °C – 40 °C аралығында ғана зарядтаңыз
және пайдаланыңыз.
-
Бұл құрылғыда тек білікті адамдар шығара алатын
батареялар бар
-
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз.
Өнімді және оның батареялары мен
аксессуарларын қолданбас бұрын, осы ақпаратты
мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін
сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге
немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар әртүрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
-
Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын және
тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. Тек
алынбалы WAAxxxx қуат құралын пайдаланыңыз.
-
Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және
тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
-
Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі
өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып,
Philips компаниясына хабарласыңыз.
-
Өнімдерді және батареяларын микротолқынды
пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
505
Қазақша