Télécharger Imprimer la page

Philips HX3826/31 Manuel D'utilisation page 505

Publicité

504
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Ескертулер
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді
және оның батареялары мен аксессуарларын
қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
-
Зарядтағышты судан алшақ ұстаңыз.
-
Тазалаудан кейін қабырға розеткасына қоспай
тұрып, зарядтағыш толығымен құрғақ екенін
тексеріңіз.
-
Бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және
құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және
физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар
пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға
техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
-
Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын немесе
тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. Өніммен
берілген USB зарядтағышын ғана пайдаланыңыз.
-
Өнімді далада немесе қызып тұрған заттардың
жанында зарядтамаңыз.
-
Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада
жууға болмайды.
-
Жарақат алмау үшін ыдысқа ыстық су құймаңыз.
Ыдысқа басқа нәрсе салмаңыз.
-
Ең жоғарғы пайдалану биіктігі — 4420 метр.
-
Бұл өнім тісті және қызыл иекті ғана тазалауға
арналған. Оны басқа мақсатқа қолдануға
болмайды. (мысалы, көз, мұрын және құлақ).
-
Пайдаланғаннан кейін көп қан ақса, 1 апта
пайдаланғаннан кейін де тістің қанауы тоқтамаса
немесе қолайсыздық немесе ауырсыну сезілсе,
құрылғы қолданысын тоқтатып, тіс дәрігеріне
хабарласыңыз.

Publicité

loading