5 Қозғалтқышты жұмысқа дайын ету
Қозғалтқышты тек бұрап кіргізілген
от алдыру білтесімен іске қосыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталған от алдыру білтелерін
қолданыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
мықтап қысыңыз.
■ Егер қозғалтқыш жарамсыз бензинмен
толтырылса, қозғалтқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Таза, этилденбеген бензин маркасын
қолданыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
мәліметтерге назар аударыңыз.
4.3
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пайдаланылған газдар шығады.
Ішке тартылған газдар адамның
улануына әкелуі мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды ішке
тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру
қабілетіңіз нашарлаған, есту қабілетіңіз
нашарлаған немесе басыңыз айналған
жағдайда: жұмысты аяқтап, дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
■ Қозғалтқыш іске қосылған соң қызып кетуі
мүмкін.
Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Тазалау алдында қозғалтқыш суығанша
күтіңіз.
■ Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
пайдаланушы шуды шектеулі түрде естуі
және түсінуі мүмкін.
► Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
■ Қозғалтқыш жоғары айналу жиілігінде
өшірілген кезде, қате оталдыру немесе
кейінгі оталдыру орын алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіруден бұрын 20 секунд
ішінде минималды айналу жиілігімен
жұмыс істетіңіз.
0478-983-9914-B
5
Қозғалтқышты жұмысқа
дайын ету
5.1
Жанармай
Қозғалтқыш STIHL құрылғысының багынан
бензинмен жабдықталады.
Қозғалтқыш этилденбеген бензин үшін
мақұлданған. Этилденбеген бензин азырақ
қалдықтармен жанады, от алдыру білтесіндегі
тұнбаларды азайтады және газ шығару
жүйесінің қызмет ету мерзімін ұзартады.
Бензин мына талаптарды орындауы тиіс:
– Бензин таза, ластанбаған және
этилденбеген.
– Бензиннің октандық саны кемінде 90
құрайды.
– Бензиннің құрамындағы этанол 10% (E10)
шамасынан аспайды.
STIHL компаниясы STIHL MotoPlus
жанармайын ұсынады. Бұл жанармай
құрамында бензол, күкірт пен денсаулыққа
зиянды иістер жоқ дерлік.
Назар аударыңыз
■ Егер қозғалтқыш дұрыс бензинмен
толтырылмаса, қозғалтқыш зақымдалуы
мүмкін.
STIHL компаниясы жаңа бензин маркаларын
пайдалануды ұсынады, екі тактілі қоспаны
(май қоспасы бар бензинді) қолдануға тыйым
салынады.
Тұрып тұнған немесе кірленген бензинді құюға
болмайды.
Бак ішінің кірмен және сумен ластануын
болдырмаңыз.
Тек рұқсат етілген бензинді қолданыңыз (E85
емес).
Гүрсіл не шуыл естіген жағдайда бензин
маркасын ауыстырыңыз.
► Қажет болса, делдалға хабарласыңыз,
STIHL компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
5.2
Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
Назар аударыңыз
■ Қозғалтқыш мотор майынсыз жеткізіледі.
Рұқсатты май деңгейінен асыру және
төмендету қозғалтқыштың зақымдалуына
апарып соғуы мүмкін.
► Алғаш рет іске қосудан бұрын мотор
майын құйыңыз.
► STIHL құрылғысын тегіс жерге қойыңыз.
қазақ
117