Ескерту
Қауіпсіздікке қатысты
Құрылғыны тек «Техникалық сипаттамалары»
бөлімінде көрсетілген қуат көзімен іске қосыңыз.
Жұмыс кернеуін көрсететін белгі монитордың
жəне айнымалы ток адаптерінің артқы панелінде
орналасқан.
Қорапқа қатты нəрсе немесе сұйықтық төгіліп
кетсе, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз жəне
əрі қарай пайдаланбас бұрын маманға тексертіңіз.
Бірнеше күн немесе біраз уақыт пайдаланылмаған
жағдайда құрылғыны қабырға розеткасынан
ажыратып қойыңыз.
Айнымалы ток сымын ажырату үшін ашадан ұстап
тартыңыз. Сымның өзін ешқашан тартпаңыз.
Розетка құрылғыға жақын жəне қол жетімді жерде
болуы керек.
Орнатуға қатысты
Ауа айналымын қалыпты ете отырып, ішкі қызып
кетудің алдын алыңыз.
Құрылғыны желдету саңылауларын бітейтін
(кілем, көрпе, тағы басқа) беттерге немесе
материалдарға (перде, шүберек) жақын қоймаңыз.
Құрылғыны радиатор немесе булық сияқты ыстық
болатын жерлерге немесе тікелей күн сəулесі
түсетін жерге, өте шаң, дірілдейтін немесе соққы
болатын жерлерге орнатпаңыз.
Мониторды трансформатор немесе жоғары
кернеулі желілері сияқты магнит тудыратын
жерлерге орнатпаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалануға
арналған қауіпсіздік шаралары
Суреттерді қарау көз қысымын, шаршауды, жүрек
айнуын немесе қолайсыздықтың басқа белгілерін
тудыруы мүмкін. Мазмұнды қарау кезінде жиі
үзіліс жасаған дұрыс. Адамдардың үзіліс жасау
ұзақтықтары мен жиіліктері əртүрлі
болғандықтан, қарау кезінде үзіліс жасауға шешім
қабылдау кезінде өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз.
Қолайсыздықтың орын алғанын сезген кезде
белгілер жоғалғанша суреттерді қарауды
тоқтатыңыз жəне қажет болса, дəрігер маманмен
кеңесіңіз.
Бұл құрылғыны жаяу жүру немесе жаттығу жасау
кезінде немесе қатты шайқалатын аймақтарда
пайдалануға болмайды, себебі олай істеу
қолайсыздықты сезіну мүмкіндіктерін арттырады.
Құрылғыны медициналық құралға қосу кезінде
«Бұл құрылғыны медициналық құралға қосу
кезіндегі сақтық шаралары» бөлімін қараңыз.
Бұл құрылғыны медициналық
құралға қосу кезіндегі сақтық
шаралары
Бұл құрылғыны медициналық мақсаттар үшін
пайдаланбастан бұрын осы құрылғыны
пайдаланудың көз қысымы, шаршау жəне жүрек
айну, т.б. сияқты медициналық тəжірибеге кедергі
келтіруі мүмкін белгілерді тудырмайтынын
міндетті түрде растаңыз.
Медициналық тəжірибеге кедергі келтіретін
белгілер орын алған жағдайда немесе осындай
белгілер орын алуы мүмкін болған жағдайда бұл
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыға бейне енгізу жағдайларына (мысалы,
тұрақтылық, қозғалыс жылдамдығы жəне
бейненің фокус позициясы, нысаннан қашықтығы,
пайдаланушы қарап тұрған сурет аймағы) жəне
пайдаланушының жалпы денсаулығына
байланысты пайдаланушы көз талуды, шаршауды
жəне басқа қолайсыздықты сезінуі мүмкін.
Медициналық процедураны бастамастан бұрын
қосылған құрылғыдан суреттің осы құрылғыда
дұрыс көрсетіліп тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғының жарамдылық
мерзімін ұзарту үшін
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда,
жұмыс өнімділігін сақтау үшін қуатты өшіріңіз.
Бұл жабдықты АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу
кезіндегі ЖАУАПТЫ ҰЙЫМ
ескертулері
– PEMS құралын басқа жабдықты қамтитын
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу
салдарынан ЕМДЕЛУШІЛЕР, ОПЕРАТОРЛАР
немесе үшінші тараптарға белгісіз ҚАУІПТЕР
туындауы мүмкін;
– ЖАУАПТЫ ҰЙЫМ бұл ҚАУІПТЕРДІ анықтауы,
сараптауы, бағалауы жəне басқаруы керек;
– АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ
енгізілетін кейінгі өзгертулер жаңа ҚАУІПТЕР
11
KZ
Ескерту