Télécharger Imprimer la page

MSA V-Gard HP HIGH Mode D'emploi page 45

Coquilles anti-bruit

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
ГИГИЕНАЛЫҚ ЖИЫНТЫҚТАР
Жастықшалар мен тығындарды ауыстыруға болады. Тозған немесе зақымдалған бөліктерді
әрдайым ауыстырыңыз (G сур.). Тек бір жұп жастықша мен бір жұп тығыннан тұратын MSA
гигиеналық жиынтықтарын пайдаланыңыз. MSA компаниясы шуды бәсеңдету өнімділігін
сақтауға кепіл болуы үшін стандартты қолданыста гигиеналық жиынтықты кемінде жылына
екі рет ауыстыруға кеңес береді. Тапсырыс беру туралы анықтаманы 3-кестеден қараңыз.
Гигиеналық жиынтықтарды орнатқанда, жастықшаны орнатпас бұрын, тығындардың құлақ
қорғанысы қақпағына толықтай орнатылғандығын тексеріңіз. Жастықша орнатылған кезде
тығынның жастықша мен құлақ қорғанысының қақпағы арасында қысылып қалмағандығын
тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Егер тығын жастықша мен құлақ қорғанысының қақпағы арасында қысылып қалған болса,
бұл акустикалық өнімділікке әсер етуі мүмкін.
Осы ескертуді орындамау (есту қабілетін уақытша жоғалтуды қоса алғанда бірақ онымен
шектелмей) ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЯҚТАЛУ УАҚЫТЫ
Құлаққаптардың жарамдылық мерзімі қоршаған орта мен пайдаланылатын жұмыс түріне,
сондай-ақ пайдаланушының дұрыс тағуына байланысты әртүрлі болады. Қоршаған ортаның
климаттық жағдайлары мен ауа райының әсері де (мысалы, ұзақ уақыт күн сәулесінің түсуі
немесе қоршаған ортада ластағыш заттардың болуы) қорғаныс құралының жарамдылық
мерзіміне әсер етеді.
Құлаққап, сонымен қатар жастықшалар мен тығындар бүлінген, сынған, жыртылған, қатайған
немесе бастапқы пішіні, өлшемі, түсі немесе жұмсақтығы өзгерген жағдайда ауыстырылуы
керек. Құлаққапты немесе гигиеналық жиынтықтарды ауыстыру мерзімін жұмыс беруші
жұмыс, процестер, жұмыс ортасы, пайдаланылу мақсаты және сақтау түріне қатысты талдау
арқылы белгілейді.
Өнімнің жарамдылық мерзімі: 5 жыл (таза әрі құрғақ жерде қаптамасында сақталған
жағдайда, өндірілген күнінен бастап)
Құлаққаптардың қаптамасын ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі: Қолдану мақсатына
байланысты әртүрлі.
MSA компаниясы құлаққаптарды әрдайым максималды жарамдылық мерзімі мен қолдану
мақсатына байланысты өнімнің тозу бағдарын қадағалай отырып, 8 сағаттық орташа жұмыс
күнінде үздіксіз пайдалануды есепке ала отырып, ең көбі 3 (үш) жыл сайын ауыстырып тұруға
кеңес береді.
КАСКАҒА КІРІКТІРІЛГЕН ҚҰЛАҚҚАПТАРДЫҢ СӘЙКЕСТІГІ (2-кесте)
Шлемге бекітілетін бұл құлаққаптар өлшемі шағын немесе үлкен болады (корпусқа
байланысты). EN 352-3:2002 стандартында мынадай мәлімдеме жасалған: «EN 352-3:2002
стандартына сәйкес келетін каскаға орнатылған құлаққаптар «орташа өлшем ауқымында»,
«кіші өлшем ауқымында» немесе «үлкен өлшем ауқымында» болып келеді. «Орташа өлшем
ауқымындағы» каскаға кіріктірілген құлаққаптар тағушылардың көбісіне шақ келеді. «Кіші
өлшем ауқымы» немесе «үлкен өлшем ауқымындағы» каскаға кіріктірілген құлаққаптар
«орташа өлшем ауқымындағы» каскаға кіріктірілген құлаққаптар шақ келмейтін кісілерге
арналған».
Каска мен құлаққап бір-біріне сәйкес келуі үшін, құлаққаптағы каска адаптерін I суретіне
сәйкес ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Бұл құлаққаптар тек қолданылатын өлшем ауқымы және тиісті адаптер түрін көрсететін
2-кестеде келтірілген өндірістік қауіпсіздік каскаларымен бірге бекітілуі қажет. Қосымша
каскалар осы пайдалану нұсқаулықтары басып шығарылғаннан кейін мақұлданбақ. Қосымша
ақпарат алу үшін дистрибьюторыңызға хабарласыңыз.
45

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

V-gard hp mediumV-gard hp low