Télécharger Imprimer la page

MSA V-Gard HP HIGH Mode D'emploi page 44

Coquilles anti-bruit

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
KZ
СИПАТТАМАСЫ
Бұл құлаққаптар шудың зиянды деңгейлерінің әсерін азайту мақсатында жасалып
шығарылған. Өнім қолайлы, ыңғайлы болуы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, нұсқауларды
мұқият оқып шығып, болашақта пайдалану үшін сақтап қою керек.
Шуды бәсеңдету бойынша қосымша мәліметтер алу үшін 1-кестені қараңыз. Қолдану үшін
дұрыс өнімді таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
СЕРТИФИКАТТАУ МЕН АТТЕСТАТТАУ
Өнім (EU) 2016/425 ережесінде көрсетілген негізгі қауіпсіздік талаптарына сай келеді және
SGS Fimko Oy, Takomotie 8, FI-00380 Helsinki, Финляндия (заңды тұлға 0598) тарапынан СЕ
арқылы бекітілген. Өнім өндірілетін зауыт APAVE Sudeurope - 17 boulevard Paul Langevin -
38600 FONTAINE FRANCE (CE 0082 өкілетті ұйымы) тарапынан СЕ арқылы бекітілген. Өнім
EN 352-3:2002 стандартының талаптарына сай келеді.
Бұл өнім жеке есту мүшесін қорғау жабдығы болып табылады және Кеден Одағының "Жеке
қорғаныс жабдығының қауіпсіздігі" атты TP TC 019/2011 техникалық регламентіне.
ТАҢБАЛАМАНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ
- CE 0082: Еуропалық APAVE өкілетті ұйымының (зауыт аудиті) төрт сандық
идентификациялық нөмірі бар CE белгісі.
- IRAM S: Аргентинаның растау құжатына арналған заңды белгі.
- CAxxxx: Бразилияның растау құжатына арналған заңды белгі.
- AS/NZS 1270 SMK40961: Австралия мен Жаңа Зеландияда мақұлдауға арналған заңды
таңбалама.
- ЖОҒАРЫ / ОРТАША / ТӨМЕН: Құлақ қорғанысының нұсқасы.
Сәйкестік туралы декларацияны мына сілтеме арқылы табуға болады: https://MSAsafety.com/
DoC.
ШАҚТАУ НҰСҚАУЛАРЫ
Төмендегі шақтау бойынша нұсқауларды орындамас бұрын шығып тұрған шашты артқа
тараңыз және дыбысты оқшаулауға кері әсерін тигізуі ықтимал зергерлік бұйымды алыңыз.
Жастықшалар басыңызға тығыз жанасып тұруы тиіс. Жанасу жерінде респираторлық баулар
немесе көзілдіріктің имек тұтқалары және т.б. нысандардың болуы құлаққаптың шуды
әлсірету қабілетін төмендетуі мүмкін. Құлаққап құлақты толығымен жауып тұруы қажет.
A және B: Құлаққаптарды икемдеу. Құлаққаптарды төменгі жағына қарай түсіріңіз және
тілшіктерді серіппелер сырт еткенге дейін көтеріңіз (A сур.). Тіркеме тілшігін касканың
бүйіріндегі саңылаулы ұяшыққа бекітіліп орналасқанша мықтап итеріңіз (B сур.).
C: Жұмыс күйі. Құлаққаптарды ыңғайлы күйге келгенше реттеңіз. Құлаққап жастықшалары
құлаққа тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз.
Ескертпе: Шулы орталарда құлаққапты әрдайым жұмыс күйінде тағып жүру қажет.
D: Даярлық күйі. Құлаққаптарды даярлық күйде тұрған кезде, құлақтан алыңыз.
E: Бастапқы күйі. Алдымен жастықшаларды даярлық күйге қойыңыз, содан кейін оларды
келесі бекітілген күйге жоғары қарай айналдырыңыз. Бұл күйде жастықшалар бүлінбейді
немесе ластанбайды және құлаққаптар іш жағынан кебеді.
Ескертпе: құлаққаптарды касканың корпусына баспаңыз, ол құлаққап тұтқаларының
құлыптанып қалуына себеп болып, касканың жанынан бекітілетін ойықтарды зақымдайды.
F: Сақтау күйі. Касканы пайдаланбаған кезде, құлаққапты түсіріп, ішке қарай басыңыз.
ЖҰМЫС / САҚТАУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
-20 °C (-4 °F) және +50 °C (122 °F)
САҚТАУ
Құлаққаптарды пайдаланбаған жағдайда, жастықшалары қысылмайтындай сақтаңыз.
Құлаққаптарды құрғақ әрі таза, қалыпты бөлме температурасында сақтап, оларды күн сәулесі
тікелей түсетін жерге қоймаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Құлаққаптар, жастықшалар мен тығындарды тек жұмсақ сабын және сумен тазалап
зарарсыздандырыңыз. Құлаққаптар, әсіресе жастықшалар пайдалану барысында бүлінуі
мүмкін. MSA компаниясы құлаққаптар мен жастықшаларда сынған және тесілген жерлерінің
бар-жоғын жиі аралықтар бойынша (мысалы, әр жұмыс ауысымының басында) тексеріп
тұруға кеңес береді.
44

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

V-gard hp mediumV-gard hp low