Télécharger Imprimer la page

Kärcher HDS 11/18-4 S Manuel D'utilisation page 244

Publicité

Егер сіз қосылу нүктесінде желінің толық
кедергісіне сенімді болмасаңыз, энергиямен
жабдықтаушы компанияға хабарласыңыз.
● Қосылу мəндерін техникалық деректерден жəне
зауыттық тақтайшадан қараңыз.
● Электр қосылымын жүргізу электрикпен жүзеге
асырылуы жəне IEC 60364-1 сəйкес болуы керек.
Қолдану
ҚАУІП
Жанғыш сұйықтықтар
Жарылыс қаупі
Жанғыш сұйықтықтарды шашпаңыз.
ҚАУІП
Ағын түтігінсіз жұмыс
Жарақат алу қаупі
Құрылғыны ағын түтігін орнатпай қолданбаңыз.
Əр қолдану алдында ағын түтігінің тығыз
орналасқанын тексеріңіз. Ағын түтігінің
бұрандаларын қолмен тығыздау керек.
ҚАУІП
Жоғары қысымды су ағыны
Жарақат алу қаупі
Іске қосу иінтірегі мен сақтандырғыш иінтірегін
іске қосылған күйде ешқашан бекітпеңіз.
Сақтандырғыш иінтірегі зақымдалған болса,
жоғары қысымды пистолетті қолданбаңыз.
Құрылғыда кез келген жұмысты орындамас бұрын,
жоғары қысымды пистолеттегі сақтандырғыш
тетігін алға қарай итеріңіз.
Жоғары қысымды пистолет пен ағынды құбырды
екі қолыңызбен ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бос жанармай багымен жұмыс істеу
Жанармай сорғысының бұзылуы
Құрылғыны ешқашан бос жанармай багымен іске
қоспаңыз.
Жоғары қысымды пистолетті ашу/жабу
1. Жоғары қысымды пистолетті ашыңыз:
Сақтандырғыш иінтірегі мен іске қосу иінтірегін
басыңыз.
2. Жоғары қысымды пистолетті жабыңыз:
Сақтандырғыш иінтірегі мен іске қосу иінтірегін
босатыңыз.
Саптаманы ауыстыру
1. Құрылғыны өшіріп, жоғары қысымды пистолетті
құрылғы қысымы төмендегенше пайдаланыңыз.
2. Сақтандырғыш тетігін алға қарай итеріп, жоғары
қысымды пистолетті бекітіңіз.
3. Саптаманы ауыстырыңыз.
Құрылғыны қосу
1. Құрылғы қосқышын қажетті жұмыс режиміне
қойыңыз. Жұмысқа дайындық бақылау шамы
жанады. Құрылғы қысқа уақытқа іске қосылады
жəне жұмыс қысымына жеткенде бірден өшеді.
Нұсқау
Егер жұмыс барысында айналу бағытының
бақылау шамы жанса, құрылғыны дереу өшіріп,
ақаулықты жойыңыз, Ақауларды жою бөлімін
қараңыз.
2. Сақтандырғыш тетігін артқа қарай басу арқылы
жоғары қысымды пистолеттің құлпын ашыңыз.
Жоғары қысымды пистолетті басқан кезде
құрылғы қайтадан қосылады.
244
Нұсқау
Егер жоғары қысымды саптамадан су шықпаса,
сорғыны ағызыңыз. Ақауларды жою блімін қараңыз
— құрылғы қысым жасамайды.
Тазалау температурасын орнату
1. Құрылғы қосқышын қажетті температураға
орнатыңыз.
Жұмыс қысымы мен ағын жылдамдығын
Сорғы қондырғысының қысым/көлем реттегіші
1. Реттеуші айналдырықты сағат тілімен бұраңыз:
Жұмыс қысымын арттырыңыз (MAX).
2. Реттеуші айналдырықты сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз: Жұмыс қысымын төмендетіңіз
(MIN).
Жоғары қысымды пистолеттегі қысым/мөлшер
ҚАУІП
Бос ағын түтігінің салдарынан қауіп
Жарақат алу қаупі
Қысым/көлем реттегішін орнату кезінде ағын
түтігіндегі бұрандалы қосылыстың босап
қалмауын қадағалаңыз.
Нұсқау
Егер сіз төмен қысыммен ұзақ уақыт жұмыс
істегіңіз келсе, қысымды сорғы қондырғысының
қысым/көлем реттегішімен реттеңіз.
1. Құрылғы қосқышын макс. 98°C температураға
қойыңыз.
2. Сорғы қондырғысының қысым/көлем
реттегішіндегі жұмыс қысымын максималды
мəнге орнатыңыз.
3. Жоғары қысымды пистолеттегі қысым/мөлшер
реттегішін (+/-) бұрап (шексіз) жұмыс қысымы
мен жеткізу жылдамдығын реттеңіз.
Тазалау құралдарымен пайдалану
● Қоршаған ортаны қорғау үшін тазалау
құралдарын үнемді пайдаланыңыз.
● Тазалау құралы тазартылатын бет үшін жарамды
болуы керек.
Нұсқау
Басқару тақтасындағы бағыттаушы мəндер
максималды жұмыс қысымын білдіреді.
Нұсқау
Тазалау құралын сыртқы контейнерден сорып алу
қажет болса, тазалау құралын сору шлангісін ойық
арқылы сыртқа апарыңыз.
1. Өндірушінің нұсқауларына сəйкес тазалау
құралының мөлшерлеу клапанын пайдаланып,
тазалау құралының концентрациясын реттеңіз.
Нұсқау
Жоғары қысымның салдарынан зақымдануды
болдырмау үшін əрқашан жоғары қысымды ағынды
алдымен тазаланатын объектіге алысырақ
бағыттаңыз.
1. Жұмыс қысымын, тазалау температурасын жəне
тазалау құралының концентрациясын
тазартылатын бетке сəйкес реттеңіз.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Кірді жібіту: Тазалау құралын абайлап
шашыратыңыз жəне оны 1–5 минутқа
қалдырыңыз, бірақ кептірмеңіз.
Қазақша
орнату
реттегіші
Тазалау

Publicité

loading