Нұсқау
RM 111 сорғыға жұмсақ сумен күтім жасау жəне
қара судың пайда болуынан қорғау үшін
қолданылады.
Су кермектігі (°dH)
Пайдалану кезінде жүйеге
күтім жасау
<3
RM 111
>3
RM 110
1. Жергілікті судың кермектігін жергілікті
коммуналдық компанияға хабарласу арқылы
немесе қаттылық өлшегішпен анықтаңыз
(тапсырыс нөмірі 6.768-004.0).
Жүйеге күтім жасау құралын құю
Нұсқау
Жүйеге күтім жасауға арналған үлгілер контейнері
жеткізу көлеміне кіреді.
● Жүйеге күтім жасау құрамында əктас бар ағын
сумен жұмыс істегенде жылыту иректүтігінің
кальцийленуін болдырмау үшін өте тиімді. Ол
қалтқы камерадағы беру желісіне тамшылатып
қосылады.
● Мөлшерлеу зауытта су кермектігінің орташа
деңгейіне орнатылған.
1. Жүйеге күтім жасау құралын құйыңыз.
Жанармай құю
ҚАУІП
Жарамсыз жанармай
Жарылыс қаупі
Тек дизельдік отын немесе жеңіл жылыту майын
құйыңыз. Жарамсыз жанармай, мысалы: бензин
қолдануға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бос жанармай багымен жұмыс істеу
Жанармай сорғысының бұзылуы
Құрылғыны ешқашан бос жанармай багымен іске
қоспаңыз.
1. Бактің қақпағын ашыңыз.
2. Жанармай құйыңыз.
3. Бактің қақпағын жабыңыз.
4. Төгілген жанармайды сүртіңіз.
Тазалау құралын құю
ҚАУІП
Қолайсыз тазалау құралдары
Жарақат алу қаупі
Тек KÄRCHER өнімдерін қолданыңыз.
Ешқашан еріткіштерді ( мысалы: бензин, ацетон,
еріткіш) құймаңыз.
Көзге жəне теріге тигізуден аулақ болыңыз.
Тазалау құралы өндірушісінің қауіпсіздік жəне
пайдалану нұсқауларын орындаңыз.
Нұсқау
Kärcher жеке тазалау жəне күтім жасау құралының
бағдарламасын ұсынады. Сіздің дилеріңіз қуана
кеңес береді.
1. Тазалау құралын толтырыңыз.
Суды қосу
● Қосылым мəндерін техникалық деректерден
қараңыз.
Нұсқау
Құю шлангісі жеткізу көлеміне кірмейді.
1. Құю шлангісін (ең аз ұзындығы 7,5 м, ең аз
диаметрі 3/4 дюйм) құрылғының су құбырына
жəне су кірісіне (мысалы, су краны) суды қосу
адаптері арқылы қосыңыз.
2. Су құятын түтікті ашыңыз.
Контейнерден су сору
ҚАУІП
Құрамында еріткіштер немесе ауыз су бар
сұйықтықтарды сору
Жарақат алу жəне зақымдау, ауыз судың ластану
қаупі
Бояу сұйылтқышы, бензин, май немесе сүзгіден
өтпеген су сияқты еріткіштері бар
сұйықтықтарды ешқашан сормаңыз. Құрылғыдағы
тығыздағыштар еріткіштерге төзімсіз. Бүркілген
еріткіш тез тұтанғыш, жарылғыш жəне улы.
Ешқашан ауыз су ыдыстарынан су сормаңыз.
Құрылғы сыртқы контейнерден суды соратын болса,
келесі өзгертулер қажет:
1. Жүйеге күтім жасауға арналған құю саңылауын
ашыңыз.
Сурет G
2. Жүйе күтім жасауға арналған қақпақты бұрап,
алыңыз.
3. Жұқа сүзгідегі су шүмегін алып тастаңыз.
4. Сорғы басындағы жұқа сүзгіні бұрап алыңыз.
5. Жүйе күтіміне арналған контейнерді шешіп
алыңыз.
Сурет H
6. Жоғарғы құю шлангісін қалтқы камерадан бұрап
алыңыз.
7. Жоғарғы құю шалнгісін сорғы басына жалғаңыз.
Сурет I
8. Тазалау құралын мөлшерлеу клапанының жуу
желісін бітеуішке қосыңыз.
9. Сорғыш шлангты (диаметрі кемінде 3/4 дюйм)
сүзгіге (керек-жарақ) су құбырына жалғаңыз.
10. Сорғыш шлангты сыртқы су көзіне іліңіз.
Нұсқау
Максималды сору биіктігі: 0,5 м
11. Сорғы суды сорғанша: Сорғы блогының қысым/
көлем реттегішін максималды мəнге орнатыңыз
жəне тазалау құралдының мөлшерлеу клапанын
жабыңыз.
12. Бөлшектеуді кері ретпен орындаңыз.
Электрмагниттік клапан кабелін жүйеге күтім
жасау контейнеріне қысып алмаудан сақ
болыңыз.
Электр желісіне қосу
ҚАУІП
Үйлесімді емес электр ұзартқыш кабельдері
Электр тогының соғуы
Ашық аспан астында жұмыс істеген кезде
жеткілікті қимасы бар, тиісінше таңбаланған
жəне əзірлеуші рұқсат еткен электр ұзартқыш
сымды ғана қолданыңыз.
Пайдаланылған ұзартқыш кабельдің ашасы мен
муфтасының су өткізбейтініне көз жеткізіңіз.
Əрқашан ұзартқыш кабельдерді толығымен
тарқатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Желі кедергісінің асып кетуі
Қысқа тұйықталу кезінде электр тогының соғуы
Электр желісіне қосылу нүктесіндегі рұқсат
етілген максималды желі кедергісі (техникалық
деректерді қараңыз) асып кетпеуі керек.
Қазақша
243