Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 240
Қауіпсіздік нұсқаулары....................................... 240
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 240
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 241
Мақсатына сəйкес қолдану ............................... 241
Құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер...... 241
Құрылғыға шолу ................................................. 241
Пайдалануға беру.............................................. 242
Қолдану .............................................................. 244
Тасымалдау........................................................ 245
Сақтау ................................................................. 246
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 246
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 246
Кепілдік ............................................................... 247
ЕО стандарттарына сəйкестігі туралы
декларация......................................................... 248
Tехникалық мағлұматтар .................................. 248
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет пайдалану
алдында, осы пайдалану бойынша
түпнұсқа нұсқаулықты жəне берілген
қауіпсіздік нұсқауларын оқыңыз. Оған сəйкес əрекет
етіңіз.
Ары қарай пайдалану немесе келесі иесіне беру
үшін, екі нұсқаулықты да сақтап қойыңыз.
● Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықты жəне
қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты ұстанбау
құрылғының зақымдалуына жəне
құрылғылармен жəне сол ортада жұмыс істейтін
тұлғалардың жарақаттануына əкелуі мүмкін.
● Тасымалдау кезінде зақымдалған жағдайда
дереу дилерге хабарлаңыз.
● Қаптамадан шығарған кезде оның құрамында
керек-жарақтардың бар-жоғын немесе
зақымданбағанын тексеріңіз. Жеткізу көлемін А
суретінен қараңыз.
● Теңіз деңгейінен шамамен 800 м жұмыс
биіктігінен жанарғы параметрін биіктікке жəне
оттегінің азаюына реттеу үшін дилерге
хабарласыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Құрылғыға келесі қауіпсіздік нұсқаулары
қолданылады:
● Сұйық ағындырына қатысты тиісті ұлттық
нормаларды сақтаңыз.
● Жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша
тиісті ұлттық нормаларды сақтаңыз. Сұйық
ағындарды үнемі тексеріп отыру керек жəне
сынақ нəтижелері жазбаша түрде жазылуы
керек.
● Құрылғының жылыту құрылғысы жану
қондырғысы екенін ескеріңіз. Жану
қондырғылары тиісті ұлттық заңнамалық
ережелерге сəйкес жүйелі түрде тексеріліп тұруы
керек.
● Құрылғыға немесе керек-жарақтарға өзгертулер
енгізуге болмайды.
240
Құрылғыдағы таңбалар
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Электр кернеуінен төнетін қауіп.
Электр қондырғыларындағы
жұмыстарды тек білікті электриктер
немесе уəкілетті мамандар жүргізе
алады.
Улы пайдаланылған газдар салдарынан
денсаулыққа қауіп. Пайдаланылған
газбен дем алмаңыз.
Ыстық беттердің əсерінен күйіп қалу қаупі
бар.
Жарақат алу қаупі бар! Кіруге тыйым
салынады.
Ақпарат үшін QR коды
Қорғаныс құрал-жабдықтары
Қорғаныс құрал-жабдықтары пайдаланушыны
қорғау үшін қызмет етеді жəне оларды өшіруге
немесе олардың функциясын айналып өтуге
болмайды.
2 қысым қосқышы бар қайта өткізу
● Сорғы қысымындағы судың мөлшері азайған
кезде немесе жоғары қысымды пистолеттегі
қысым/мөлшер реттегішін қолданған кезде қайта
өткізу клапаны ашылып, судың бір бөлігі
сорғының сору жағына оралады.
● Егер жоғары қысымды пистолет барлық су
сорғыштың сору жағына қайта ағып кетуі үшін
жабылса, қайта өткізу клапанындағы қысым
қосқышы сорғыны өшіреді.
● Егер жоғары қысымды пистолет қайтадан
ашылса, цилиндр басындағы қысым қосқышы
сорғыны қайтадан қосады.
● Қайта өткізу клапаны зауытта орнатылып,
тығыздалған. Теңшеуді тек тұтынушыларға
қолдау көрсету қызметі орындайды.
Қауіпсіздік клапаны
● Қайта өткізу клапаны немесе қысым қосқышы
ақаулы болса, қауіпсіздік клапаны ашылады.
● Қауіпсіздік клапаны зауытта орнатылып,
тығыздалған. Теңшеуді тек тұтынушыларға
қолдау көрсету қызметі орындайды.
Қазақша
клапаны