Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 101
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар ...... 101
Қауіпсіздік нұсқаулары....................................... 103
Бұйымды мақсатына сəйкес қолдану ............... 102
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 102
Тұтынушыларға қызмет көрсету ....................... 102
Керек-жарақ жəне қосалқы бөлшектер ............ 102
Жеткізілім жинағы .............................................. 102
Құрылғының сипаттамасы................................. 102
Орнату ................................................................ 102
Пайдалануға енгізу ............................................ 103
Қолдану .............................................................. 103
Тасымалдау........................................................ 103
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 103
Кедергілер болғанда көмек алу ........................ 104
Кепілдік ............................................................... 104
Техникалық сипаттамалары.............................. 104
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, осы қауіпсіздік жөніндегі
нұсқауларын, осы түпнұсқалық
пайдалану нұсқаулығын, аккумулятор жинағына
қоса берілетін қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын
жəне қауіпсіздік туралы нұсқаулығын жəне қоса
берілетін түпнұсқалық аккумулятор жинағын/
стандартты зарядтау құрылғысын пайдалану
нұсқауларын оқыңыз. Оған сəйкес əрекет етіңіз.
Буклеттерді кейінірек пайдалану үшін немесе кейінгі
иелері үшін ұстаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік
техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын
алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ҚАУІП
● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы
балалардан алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ
● Құрылғыны тек нұсқауға
сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды
ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде,
бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды
қадағалаңыз. ● Физикалық, сезгіштік немесе ақыл-
ой қабілеті нашарлаған не тəжірибесі мен
біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлға нұсқаулық берген жəне олар
нəтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді
түсінген, құрылғы тиісті түрде бақыланған
жағдайда ғана пайдалана алады. ● Құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау берілген немесе
құрылғыны пайдалану мүмкіндігін растаған жəне
осы мақсатқа нақты тағайындалған адамдарға
ғана пайдалануға рұқсат етілген. ● Балаларға
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
● 8 жастан үлкен балалар олардың қауіпсіздігі үшін
жауапты тұлғаның тарапынан құрылғыны
пайдалануға машықтанған немесе қадағаланған
жəне құрылғыны пайдаланудан туындайтын
қауіптерді түсінген жағдайда ғана құрылғыны
пайдалана алады. ● Балаларды бұйыммен
ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.
● Балалар тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек біреудің бақылауында
орындай алады.
АБАЙЛАҢЫЗ
сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс
құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе
ажыратпаңыз.
ҚАУІП
● Жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға
тыйым салынады.
● Жарылыс қаупі
● Жанғыш газдарды, сұйықтықтарды немесе
шаңдарды шаңсорғышпен тазаламаңыз.
● Реактивті металл шаңдарды (мысалы,
алюминий, магний немесе мырыш)
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
● Сұйылтылмаған сілтілерді немесе
қышқылдарды шаңсорғышпен сормаңыз.
● Өртенетін немесе тозаңдаушы заттарды
шаңсорғышпен сормаңыз.
Бұл заттар құрылғыда пайдаланылатын
материалдарды қосымша тиіп кетуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
● Жарақат алу қаупі. Шүмегі мен сору түтігін
басының жанында сормаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда қараусыз
қалдырмаңыз.
● Құрылғы түсіп кеткен кезде зақымдану жəне
жарақат алу қаупі бар. Құрылғымен əрбір жұмыс
істеген кезде оның тұрақтылығын қамтамасыз
ету керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Құрылғыны экстремалды ауа-райынан, жылудан
жəне ылғалдан қорғаңыз.
● Ешқашан сүзгісіз шаң сормаңыз, құрылғы
зақымдалуы мүмкін.
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету
Нұсқау
● Күтім жəне техникалық қызмет көрсету
бойынша жұмыстарды орындау алдында
құрылғыны өшіріңіз жəне батареяны шығарыңыз.
Қазақша
● Қорғаныс құрылғысы
Пайдалану
101