Аккумулятор сұйықтығы көзге
тиген жағдайда, оны таза сумен
жуып шығыңыз да, дереу
медициналық жәрдемге
жүгініңіз!
Толық зарядталған
аккумуляторды қайтадан
зарядтамаңыз! Шамадан артық
зарядталған аккумуляторға
зақым тиіп, оның қызмет ету
мерзімі қысқартылады!
Зарядтағыш құрылғыны
тек қана бөлме ішінде
пайдаланыңыз!
Зарядтағыш құрылғыны
ылғалдан қорғаңыз!
Ешқашан балаларға құрылғыны
пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Балалардың құрылғымен
ойнамауына көз жеткізу үшін,
оларды қадағалап отыру керек.
Балаларды зарядтағыш
құрылғыдан немесе жұмыс
аймағынан алшақ ұстаңыз!
Зарядтағыш құрылғыны
балалар үшін қолжетімді
болмайтындай етіп сақтаңыз!
Зарядтағыш құрылғыда түтін
немесе өрт туындаған жағдайда
дереу желілік ашаны суырып
қойыңыз!
Ақаулы аккумуляторларды
пайдаланбаңыз!
5. Шолу
1-бетті қараңыз.
1 Аккумулятор *
2 Аккумулятор салынатын қуыс
3 Ескерту индикаторы
4 Жұмыс индикаторы
* жеткізілім жиынтығына кірмейді
6. Қолданысқа енгізу
Қолданысқа енгізу алдында фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды
кернеу мен номиналды жиілік ток
желіңіздің деректеріне сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Тұрақты ток шығаратын осындай құрылғылар
қарапайым дифференциалды токтың
автоматты ажыратқышына әсер етуі мүмкін.
Ажырату тогы ең көбі 30 мА шамасындағы F
немесе жоғарырақ санатты пайдаланыңыз.
6.1
Өзіндік диагностика
Желілік ашаны салыңыз.
Ескерту индикаторы (3) және жұмыс
индикаторы (4) шамамен 1 секунд ішінде
кезектесіп жанады.
7. Пайдалану
7.1
Аккумуляторды зарядтау
Аккумуляторды (1) аккумулятор салынатын
қуысқа (2) тірелгенше кіргізіңіз.
Жұмыс индикаторы (4) жыпылықтап,
аккумулятор зарядталады.
Аккумулятор толық зарядталған соң, жұмыс
индикаторы (4) үздіксіз жанып тұрады.
Аккумулятор зарядтағыш құрылғы ішінде қалып,
әрдайым жұмысқа дайын болуы мүмкін.
8. Ақаулық
8.1
Ескерту индикаторы (3) тұрақты түрде
жанып тұр
• Аккумулятор зарядталмайды. Температура
тым жоғары/тым төмен. Егер аккумулятордың
температурасы 0°C және 50°C аралығында
болса, зарядтау әрекеті автоматты түрде
басталады.
8.2
Ескерту индикатор (3) жыпылықтайды
• Аккумулятор ақаулы. Аккумуляторды бірден
зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
• Зарядтау контактілерінің арасындағы қысқа
тұйықталу. Контактілер жүйесінде бөгде
заттардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
9. Жөндеу
Зарядтағыш құрылғыда жөндеу
жұмыстарын тек қана электрші маман
өткізуі тиіс!
ҚАЗАҚША kk
49