Télécharger Imprimer la page

Bosch Advanced AdvancedAquatak 150 Notice Originale page 140

Publicité

140 | Қазақ
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қолданудан/сақтаудан кейін
Артық қысымды алып тастау үшін және жоғары
қысымдық шлангісін босату үшін, Қосу/Өшіру қосқышын
өшіріп, атқыш шаппасын басыңыз.
Жоғары қысым тазалағыштың сыртын жұмсақ қылшақ
және жүберекпен тазалаңыз. Су, еріткіш бұйымдар мен
ысып жылтырататын бұйымдарды қолдануға болмайды.
Кірленген жерлердің бәрін кетіріп, әсіресе
қозғалтқыштың ауалау саңылауын тазалаңыз.
Қолдану сезоны аяқталғаннан кейін сақтау:
Қозғалтқышты бірнеше секунд бойы іске қоса тұрып және
атқыш шаппасын баса отырып суды сорғыштан шығарып
алыңыз.
Электрбұйым үстінен басқа заттарды қоймаңыз.
Электрбұйымды аяз және қырау түспейтін жерде
сақтаңыз.
Сақтау уақытында кабелдердің қыстырылып қалмауын
тексеріп алыңыз. Жоғары қысым шлангісін бүгіп
қоймаңыз.
Сүзгі
Екі сүзгі түрлерін (ішкі және сыртқы сүзгілер) пайдалану
ластаушы заттардың құралға түсуінен қорғауды
арттырады және осының арқасында құралдың қызмет ету
мерзімін ұзартады.
Сүзгілердің екеуі де үнемі лас пен қалдықтардан таза
қалыпта болуын тексеріп жүріңіз.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық заттарының
жерге, жер асты суына, тоғандарға, өзендерге ж.т.б.
түспеуі керек.
F 016 L81 291 | (24.11.2022)
Тазалау бұйымдарын қолданғанда қорапшалардағы
мәліметтерге назар аударып, белгіленген
концентрацияларына сай дозалау керек.
Қозғалтқышы бар көліктерді тазалағанда жергілікті
ережелер мен заңдарға назар аударыңыз: Шашырылып
шығатын майлардың жер асты суларына түсуін
болдырмау керек.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Advanced advancedaquatak 160