ҰБ-дан тыс елдерде сатылатын өнімдер бойынша нұсқау:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Өз қауіпсіздігіңіз үшін бақ
электрбұйымындағы айырының ұзарту кабелімен
біріктіріліп тұрғаны талап етіледі. Ұзарту кабелінің
біріктіргіші шашылатын суға қарсы қорғанылып,
резеңкеден жасалып немесе резеңкемен қапталған
болуы тиіс. Ұзарту кабелі кернеуден жеңілдету үшін
арналған лайықты құрылғысымен қолданылуы тиіс.
Пайдалану
Бұл құралды сусыз іске қосуға және пайдалануға
u
рұқсат етілмейтін болғанына назар аударыңыз.
Іске қосу
Су үшін шлангісін (бұйыммен бірге сатылмайды) су беру
жүйесі мен электрбұйыммен біріктіріп қосыңыз.
Электр тоғына қосу қосқышының „0" позициясында
болғанын тексеріп, электр бұйымды розеткаға қосыңыз.
Су құбырының шүмегін ашыңыз.
Атқыш шаппасын босату үшін, қосуға қарсы
бұғаттағышты (атқыш тұтқасындағы артқы қосқышы)
басыңыз. Атқыш шаппасын толығымен, судың біркелкі
қалыпта ағуынша дейін және электрбұйым мен жоғары
қысымдық шлангісінде ауа қалмағанынша дейін
басыңыз. Атқыш шаппасын босатып жіберіңіз. Қосуға
қарсы бұғаттағышты (атқыш тұтқасындағы алдыңғы
қосқышы) басыңыз.
Қосқышты бұрыңыз. Бүріккіш пистолетін төменге қарай
бағыттаңыз. Қосуға қарсы бұғаттағышты атқыш шаппасын
босату үшін басыңыз. Атқыш шаппасын толығымен
тірелгенше дейін басыңыз.
Автостоп функциясы
Атқыш тұтқасындағы шаппа босатылған сәтте
электрбұйым өз қозғалтқышын өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы мәліметтер
Көліктерді немесе жылжымалы бұйымдарды тазалау
u
үшін ешқашан айналып тұратын ротациялық шүмегін
немесе нүктелі ағым таратушысын қолданбаңыз.
Жоғары қысым тазалағышының тегіс үсті үстінде
тұрғанын тексеріп алыңыз.
Жоғары қысым шлангісімен алдыға қарай тым ұзақ
кетпеңіз немесе жоғары қысым тазалағышты шлангісінен
тартпаңыз. Бұл әрекеттер арқылы жоғары қысым
тазалағышының тұруы тұрақсыз болып кетіп, аударылып
кетуіне апара алады.
Жоғары қысым шлангісін бүкпеңіз, оның үстінен
көлекпен жүрмеңіз. Жоғары қысым шлангісін өткір
бұрыштарға тигізбей қорғап жүріңіз.
Bosch Power Tools
Жұмыс бойынша нұсқаулар тазалау
бұйымдармен жұмыс істеу үшін
Тек жоғары қысым тазалағыш үшін жарамды тазалау
u
бұйымдарын ғана қолданыңыз.
Ұсынылған тазалау бұйымдары араластырмай
u
қолданбаңыз. Құрамына қышқылдар, сілті немесе
қоршаған ортаға зиян келтіретін заттар
қосылмағандықтан осы тазалау бұйымдар қауіпсіз
болып саналады. Тазалау бұйымдарын балалар қолы
жетпейтін жерде сақтауыңыз лазым. Тазалау
бұйымның көзге тиіп қалғанында көзді дереу сумен
жуып, тазалау бұйымын жұтып қалғанда дереу
дәрігермен хабарласуыңыз қажет.
Қолдану, кәдеге жарату және қауіпсіздік сұрақтары
u
бойынша шығарушы арқылы берілген нұсқауларын
ұстанып жүріңіз.
Қоршаған ортаны қорғау үшін біз тазалау бұйымдарын
үнемдеп қолдануыңызды өтінеміз. Араластыру бойынша
шишада жазылған нұсқаулар мен ұсыныстарға назар
аударыңыз.
Осы құралдың жеткізілім көлемінде болатын, жуғыш
өнімдер үшін арналған жоғары қысымды саптамасы
жуғыш заттың тұтыну мөлшерін реттейтін реттегішпен
жабдықталған. Осы реттегішті, керек болса, реттеп
алыңыз.
Ұсынылатын тазалау тәсілі
1-ші қадам: Жазық ағымдық бүріккішті орнатып, ірі лас
пен кірді кетіріп алыңыз.
2-ші қадам: Тазалау бұйымы үшін арналған шишасын
орнатып, осы шишамен біраз тазалау бұйымын құйып
жағыңыз.
3-ші қадам: Босатылған кір мен ласты және тазалау
бұйымын жазық ағымдық бүріккішімен шайып алыңыз.
Назарыңызда болсын: Тік үстілерді тазалағанда кір кетіру
жіне тазалау бұйымдарын қолданып төменгі жерлерден
бастап жоғарыға қарай тазалай беріңіз. Шаю барысында
жоғарыдан төменге қарай әрекеттеніңіз.
Баламалы сумен қамтамасыз ету жерлерінде
қолдану
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін осы тазалағыш
құралында өз-өзімен сору қабілеті бар болып,осының
арқасында ол суды су қоймалардан немесе табиғи қайнар
көздерден сорып тартуын мүмкін етеді. МАҢЫЗДЫ:
Bosch компаниясының сүзгісі, оған су құю алдында
тазаланып, дұрыс орнатылып, және тек қана таза суды
соруы керек.
Ашық қоймалар/суқоймалар және табиғи
суаттар
Құрамына төмендегілер кіретін, өз-өзімен сору
толымдауыштарын қолданыңыз:
– кері клапаны бар сору сүзгісі
– ұзындығы 3 м күшейтілген сору шлангісі
Қазақ | 137
F 016 L81 291 | (24.11.2022)