Télécharger Imprimer la page

Decathlon E-EDR CF Notice D'utilisation page 430

Publicité

ЗАРЯДТАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ
100%
АУҚЫМЫ
Электрлік велосипедтің жұмыс ұзақтығы көптеген факторларға байланысты:
• Велосипед жүктемесі: Егер велосипед шамадан тыс жүктелсе (сөмке, балаларды тасымалдауға арналған құрал, арқылы...), батареяның жұмыс
ұзақтығы қысқарады.
• Пайдалану: Тепкіні айналдыру кезінде адам түсіретін күшке байланысты автономды жұмыс ұзақтығы ұзақ немесе қысқа болады.
• Айдау түрі: Велосипедті биік жерге айдаған кезде, батареяның жұмыс ұзақтығы қысқарады.
• Шиналардағы қысым: Егер шиналары 3,5 және 5,5 бар қысымы арасында үрленген болса, батареяның қызмет ету уақыты ұзағырақ болады.
• Сыртқы температура: Ауа райы суық болған кезде, жұмыс ұзақтығы қысқарады.
• Қолданыстағы көмек режимі: Батарея заряды төмен болған кезде, көмек режимін азайтқаныңыз жөн.
• Таңдалған беріліс коэффициенті : Құламалы еңістерде өзіңізге және моторға түсетін жүктемені азайту үшін дұрыс берілісті таңдау керек.
ЗАРЯДТАУ
1. Күймеше үстінде, рамада орналасқан люкті ашыңыз.
2. Зарядтау құрылғысын розеткаға, содан кейін велосипедтің зарядтау ұясына қосыңыз.
3. Зарядтау басталған кезде жарықдиод қызыл жанады.
4. Батареяны зарядтау уақыты — 3 сағат.
5. Зарядтаудың соңында жарықдиод жасыл жанады.
6. Зарядтау құрылғысын велосипедтен және розеткадан ажыратуға болады.
Зарядтау құрылғысын розеткаға жалғанған күйде ешқашан жалғыз қалдырмаңыз.
75%
50%
1
2
15%
10%
3H
12
5%
100%

Publicité

loading