156 | Қазақ
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (D суретін
қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы
диапазонда реттеуге болады.
Маңызды реттеу параметрлері бұрыштық тіректегі (6)
тиісті белгілермен белгіленген. 0° мен 45° күйлері тиісті
шектік тірекпен қамтамасыз етіледі.
– Бұрыштық тіректің бекіткіш бұрандаларын (12)
жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (14) (8 мм)
босатыңыз.
– Қажетті бұрышты орнатып, екі бекіткіш бұранданы
(12) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Бұрыштық панельді жылжыту
Кеңірек дайындамаларды кесу қажет болғанда,
бұрыштық тіректі (6) артқа жылжытуға болады.
– Бекіткіш бұрандаларды (12) жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (14) (8 мм) толықтай бұрап
шығарыңыз.
– Бұрыштық тіректі (6) қажетті арақашықтықта бір
немесе екі айналымға артқа жылжытыңыз.
– Қажетті бұрышты орнатып, екі бекіткіш бұранданы
(12) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Дайындаманы бекіту (E суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған
дайындамаларды өңдемеңіз.
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
– Дайындаманы бұрыштық тірекке (6) қойыңыз.
– Тежегіш шпиндельді (7) дайындамаға жылжытып,
дайындаманы шпиндель тұтқасының (9) көмегімен
қысыңыз.
Дайындаманы босату
– Шпиндель тұтқасын (9) босатыңыз.
– Жылдам құлыптан босату құралын (8) жайып, тежегіш
шпиндельді (7) дайындамадан тартып алыңыз.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Пайдаланудан бұрын кескіш дискіні тексеріп
u
шығыңыз. Кескіш диск ақаусыз орнатылуы және
еш кедергісіз айналуы қажет. Сынақ жұмысын 30
секунд ішінде жүктемесіз орындаңыз.
Зақымдалған, домалақ емес немесе дірілдейтін
кескіш дискілерді пайдаланбаңыз. Зақымдалған
кескіш дискілер жарылып, жарақаттануға әкелуі
мүмкін.
Қорғасын бояу, минералдар және металдар сияқты
кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі
мүмкін. Шаңның тиюі немесе жұтылуы пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
1 609 92A 8VB | (07.11.2023)
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалармен бір тіркесте қауіпті
болып табылады. Асбест қамтитын материалды тек қана
техник мамандар өңдеуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
беріледі.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды орындаңыз.
Кескіш диск шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтарының салдарынан тірек тақтасының (11)
ойығында бұғатталуы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
– Кескіш диск толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Кіші дайындамалар арнайы саңылауға түсуі үшін
электр құралын артқа төңкеріңіз.
Барлық дайындамаларды алып тастау үшін тиісті
аспапты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Оператордың күйі (F суретін қараңыз)
Электр құралының алдында кескіш дискімен бір
u
сызықта тұрмай, әрдайым кескіш дискіден шетте
тұрыңыз.Осылайша кескіш диск сынған жағдайда
денеңіз ықтимал сынықтардан қорғалып тұрады.
Қосу мен өшіру
– Іске қосу үшін ажыратқышты (1) басып тұрыңыз.
– Өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз.
Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
Кескіш дискілер бойынша жалпы нұсқаулар
Жұмыс аяқталғаннан кейін кескіш дискіге
u
суығанша тимеңіз. Кескіш диск жұмыс істеген кезде
қатты қызады.
Ұшқындардан қорғайтын табаның (17) дұрыс
u
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Металды ажарлау
кезінде ұшқындар пайда болады.
Кескіш дискілерді соқтығысудан, соққыдан және майдан
қорғаңыз. Кескіш дискілерге бүйірлік қысым түсірмеңіз.
Электр құралына толық тоқтайтындай артық жүктеме
түсірмеңіз.
Тым қатты беріліс электр құралының өнімділігін
төмендетіп, кескіш дискінің қызмет ету мерзімін
қысқартады.
Тек өңделетін дайындамаға сәйкес келетін кескіш
дискілерді пайдаланыңыз.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар (мм)
Bosch Power Tools