Стационарлық немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (A суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (10)
пайдаланылады.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын жұмыс аймағында
мықтап орнату мүмкін болмаса, көмек ретінде тірек
тақтасының (11) аяқтарын тиісті тірекке (мысалы, сүргі,
тегіс еден және т.б.) электр құралын бекітпей қоюға
болады.
Кескіш дискіні алмастыру ( B1 − B2 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шпиндель бекіткішін (4) аспап шпинделі (18)
u
тоқтап тұрғанда ғана пайдалануға болады. Әйтпесе
электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан кейін кескіш дискіге
u
суымағанша тимеңіз. Кескіш диск жұмыс істеген
кезде қатты қызады.
Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген
деректерге сәйкес келетін және EN 12413 стандарты
бойынша тексерілген және тиісінше белгіленген кескіш
дискілерді пайдаланыңыз.
Кескіш дискімен бірге жинақта болуы мүмкін төсемдерді
пайдаланыңыз.
Пайдаланылмайтын кескіш дискілерді жабық
контейнерге немесе түпнұсқа орауышқа салып қойыңыз.
Кескіш дискілерді жатқызылған күйде сақтаңыз.
Кескіш дискіні алып тастау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз (қараңыз
„Электр құралын сақтандырғышынан босату (жұмыс
күйі)", Бет 155).
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (3) тірелгенше артқа
қайырып, оны осы күйде бір қолмен ұстаңыз.
– Фланеці бар алты қырлы дөңбек бұранданы (20)
жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен
(14) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель бекіткішін (4)
тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін басып тұрып, фланеці бар алты
қырлы дөңбек бұранданы (20) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (19) алып тастаңыз.
– Кескіш дискіні (5) алып тастаңыз.
Кескіш дискіні орнату
Қажет болса, монтаждалатын барлық бөлшектерді
орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.
– Жаңа кескіш дискіні, жапсырма манипулятордан ары
қарап тұратындай, аспап шпинделіне (18) салыңыз.
Bosch Power Tools
– Қысқыш фланецті (19) және фланеці бар алты қырлы
дөңбек бұранданы (20) орнатыңыз. Шпиндель
бекіткішін (4) тірелгенше басып, фланеці бар алты
қырлы дөңбек бұранданы жеткізілім жиынтығындағы
алты қырлы дөңбек кілтпен (14) сағат тілінің
бағытымен қайтадан бұрап бекітіңіз. (Тарту моменті
шам. 20–25 Нм)
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (3), кескіш диск
толық жабылғанша, баяу төмен қарай толықтай
жылжытыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманың (3) дұрыс жұмыс
істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Маятниктік қорғаныш қаптама әрдайым еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек.
Кескіш дискіні монтаждағаннан кейін және қосу алдында
монтаждың дұрыстығын және дискінің еркін
айналатынын тексеріп шығыңыз.
– Кескіш диск маятниктік қорғаныш қаптамаға (3),
бекітілген қорғаныш қаптамаға (16) немесе басқа
бөлшектерге тимегеніне көз жеткізіңіз.
– Электр құралын шамамен 30 секундқа іске қосыңыз.
Егер қатты діріл пайда болса, электр құралын бірден
өшіріп, кескіш дискіні бөлшектеңіз де, қайта
орнатыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (C суретін
қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (13) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын сақтандырғышынан босату (жұмыс
күйі)
– Манипуляторды тұтқасынан (2) сәл төмен итеріп,
тасымалдауға арналған бекіткішті (13) босатыңыз.
– Тасымалдауға арналған бекіткішті (13) толықтай
сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Нұсқаулар:
– Тасымалдауға арналған бекіткіш ішке кіргізілмегеніне
көз жеткізіңіз, әйтпесе манипулятор қажетті тереңдікке
дейін қайырылмауы мүмкін.
– Тасымалдауға арналған бекіткішті тарту/басу қиынға
соқса, қозғалғыштығын майлау арқылы жақсартыңыз.
Электр құралын бекіту (тасымалдау күйі)
– Манипуляторды, тасымалдауға арналған бекіткіш (13)
ішке толық басылғанша, төмен қарай жылжытыңыз.
– Тасымалдауға арналған бекіткішті жүйелі түрде майлап
тұрыңыз.
Тасымалдау бойынша қосымша нұсқаулар (қараңыз
„Тасымалдау", Бет 157).
Қазақ | 155
1 609 92A 8VB | (07.11.2023)