Télécharger Imprimer la page

Bosch GLL 80-33 G Professional Notice Originale page 326

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 43
326 | Қазақ
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау
u
құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар
түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт
қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да
медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-
жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық
құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке
u
сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері
қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының
сипаттамасына қатысты.
(1) Лазер жұмыс режимінің түймесі
(2) Қуат үнемдеу режимінің түймесі
(3) Аккумулятор/батареялар заряды деңгейінің индикаторы
(4) Ажыратқыш
(5) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы
(6) Лазер ескерту тақтасы
1 609 92A 9B3 | (08.05.2024)
Bosch Power Tools

Publicité

loading