All manuals and user guides at all-guides.com
1.4 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз.
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Негізгі сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ! Сақтық шаралары бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды оқып шы-
ғыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін
және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
сақтаңыз.
Картридждерді пайдалану
▶ Тек Hilti картидждерін немесе ұқсас сапалы картридждерді пайдаланыңыз.
◁ Егер төмен сапалы картридждер Hilti құралдарына орнатылса, жанбайтын ұнтақтан қалдықтар
жиналуы мүмкін, олар кездейсоқ жарылып, пайдаланушы мен қоршауындағы адамдарды қатты
жарақаттауы мүмкін. Картридждер EN 16264 атты ЕО нормативіне сай өндіруші тарапынан
айқын тексерістен өтуі немесе CE сәйкестілік белгісіне ие болуы қажет.
Пайдаланушыға қойылатын талаптар
▶ Бұл құрылғыны тек өкілетті және оқытылған тұлғалар пайдалануы немесе оған техникалық қызмет
көрсетуі мүмкін.
Жеке қорғаныс құралдары
▶ Жұмыс барысында өзіңіз бен жақын маңда орналасқан адамдар арнайы қорғауыш көзілдірік пен
қорғауыш шлемді тағуы керек.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз.
◁ Шегелерді және шпилькаларды қағу картридж зарядының тұтануы есебінен іске асырылады.
Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті толығымен жоғалуы мүмкін.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Пайдалануға, күтуге және техникалық қызмет көрсетуге қатысты Пайдалану бойынша нұсқаулықта
басып шығарылған ақпаратты орындаңыз.
▶ Ұқыпты болыңыз, орындап жатқан әрекетке көңіл бөліңіз, жұмыс істеуге ойланып қараңыз. Аспапты
шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер әсерінің астында болсаңыз
пайдаланбаңыз. Өзіңізді жаман сезінсеңіз, аспаппен жұмыс істеуді тоқтатыңыз. Аспаппен жұмыс
істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Қолайсыз қалыпта жұмыс істемеңіз. Әрқашан тік, сенімді ұстаныңыз және тепе-теңдікті сақтаңыз.
▶ Табаны сырғымайтын аяқ киімді пайдаланыңыз.
▶ Қорапты, болт бағыттауышын немесе бекіту элементтерін ешқашан қолмен шығармаңыз.
◁ Қорапты, болт бағыттауышын немесе бекіту элементін қолмен артқа тарту нәтижесінде кейбір
жағдайларда аспап іске қосылуы мүмкін. Бұл ретте өзіңізге кездейсоқ ату қаупі бар.
▶ Аспапты іске қосу сәтінде қолдарды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
▶ Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе балалардың болуына тыйым салынады.
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
ЕСКЕРТУ! Тесіп өткен бекіту элементінен болатын қауіп! Бекіту элементтерін қондыру алдында,
бекіту элементі қондырылатын құрамдас бөлшектің артында немесе астында ешкім тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
▶ Жұмысты бастаудан бұрын картридждің және қуатты реттеу дискісінің қаттылығын тексеріңіз.
◁ Үлгі ретінде 2 бекіту элементін астыңғы бетке орнатыңыз.
▶ Жұмысыңыз үшін жарамды аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс
күйінде пайдаланыңыз.
▶ Мүмкін болғанда, стабилизаторды/сынудан қорғауыш құрылғыны қолданыңыз.
▶ Зарядталған аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Аспапты қорғалған қапта тасымалдау және сақтау керек.
Printed: 20.03.2017 | Doc-Nr: PUB / 5292603 / 000 / 01
Сәйкестілік декларациясының суреті осы
Қазақ
281