Сәйкестік Бойынша Мәлімдеме - TEUFELBERGER Chameleon Manuel

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
ТАСЫМАЛДАУ, САҚТАУ & ТАЗАЛАУ / ҮДЕМІ
ТЕКСЕРУ / ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ / ЖҰМЫС ӨМІРІ
Осы шарттарды орындамай бұзғандарыңызда Сіз өз
басыңызға қауіп түсіре аласыз!
ҮДЕМІ ТЕКСЕРУ
Жабдықты үдемі тексертіп жүру - міндетті шарт: Өзіңіздің
қауіпсіздігіңіз жабдықтың тиімділігі мен беріктігіне
байланысты!
Әр қолданудан кейін арқанда мүмкін болатын
бұзылулардың бар не жоқ болуын тексеріп алу қажет.
Арқанды барлық жақтарынан тексеріңіз. Қарағанда
бұзылмағандай болып көрінетін арқанды оның ішінің, жиі
бүгу немесе арқанның бір бөлігінің тым жүктеленуі арқылы
пайда болған бұзылуы бар не жоқ болғанын қолыңызбен
басып тексеріп алыңыз. Арқанның сыртқы қабатында
көрілінетін бұзылған жерлер бар болғанда арқанды
әріғарай қолдануға болмайды. Арқанда қалыңдаған
жерлер, түстердің өзгерілуі немесе басқа өзгеше өзгерістер
пайда болғанда біз арқанды қолданбуыңызды ұсынамыз.
Арқанның шеткі тігілуінде тозып немесе жыртылып кеткен
жіптерінің бар не жоқ болуын тексеріңіз! Әр қолданғаннан
кейін жабдықта үйкеліп тозып немесе кесілген жерлерінің
бар не жоқ болуын тексеріңіз.
Бұзылған немесе жыртылып кетіп ұстамау қауібі бар
жүйелерді тікелей қолданудан шығару керек.
Қандай да болса кішкентай күдік пайда бола бастағанда
бұйымды қолданбау немесе арнайы маман арқылы
тексертіп алу керек.
Сонымен қатар, жұмыс қауіпсіздік саласында қолданатын
жабдықты EN 365 нормаларына сай ең азында әр 12
айда бір рет арнайы маман тарапынан тексертіп, және
нұсқаулықта берілген нұсқауларға назар аударып, немесе
шығарушы тарапынан тікелей тексертіп, керек болса,
ауыстырып алу қажет. Осы өткізілетін тексерулері бойынша
протокол (жабдықтың бойынша құжаттар, қосымшадағы
тексеру парағымен салыстырыңыз) жүргізіліу қажет.
Бұл тексеруде келесі мәліметтердің бар болуы керек:
Жалпы қалпының тексерілуі: қолданылған
жылдар саны, толықтығы, кірленуі, дұрыс түрде
жиналып құрылуы.
Затбелгісін тексеру: Бар ма? Оқыла алына
ма? CE-белгісі бар ма? Шығарылған жылы
көріне алынама ма?
Бөлек бөлшектерінде механикалық бұзылулап
бар болуы: кесілулер, жарықтар, кертіктер, үйкеліп
тозуы, нысанының өзгеруі, тыртықшалардың пайда
болуы, бұранулалар, майысып жалпаю.
Бөлек бөлшектерінің барлығында төменде
көрсетілгендей термикалық немесе химиялық
бұзылулардың бар не жоқ болуын тексеру:
ыдырап кету, қатайып кету
Механикалық бөлшектерінде коррозия және
түрінің өзгерілуінің бар не жоқ болуын тексеру.
Байланыстыру бөлшектерінің, тігістерінің,
түйіндерінің толықтығын тексеру.
Бұл жағдайда да: Қандай да болса кішкентай күдік пайда
бола бастағанда бұйымды қолданбау немесе арнайы маман
арқылы тексертіп алу керек.
ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Жөндеу жұмыстары тек қана шығарушы тарапынан өткізіле
алынады.
ЖҰМЫС ӨМІРІ
Vulcanus сауда белгісінен басқа барлық арқандар үшін:
Бұйымды тек қана сирек қолданғанда (бір жылда 1
апта бойы) және оны талап етілетін түрде сақтағанда
(«Тасымалдау, сақтау және тазалау» тарауын оқыңыз)
қолдану мерзімі шығарған күнінен бастап 10 жыл
бола алады. Vulcanus үшін: Қолданылу мерзімі өнімді
зақымдалмаған, жарықтан қорғалған орауыштан алғаш
рет шығарғаннан кейін 3 жылға дейін созылуы мүмкін және
өнімді 3 жылдық қолданылу мерзімінен асырмай істен
шығару керек. Теориялық тұрғыдан ықтимал жалпы қызмет
ету мерзімі (орауыштан алғаш рет шығару + пайдаланудан)
бұрын тиісінше сақтау өндірілген күнінен бастап 5 жылмен
шектеледі.
Бұйымның нақты жұмыс өмірі тек қана бұйым қалпына
байланысты – оған бір қатар факторлар әсер етеді
(төменде қараңыз). Ол аса айырықша әсерлері арқылы тек
бір қолдануға немесе, жабдық алғашқы қолдану алдында
бұзылған түрде болса (мысалы тасымалдау арқылы) одан
да аз уақытқа дейін қысқартыла алынады.
Механикалық тозып кетуі немесе басқа әсерлер, мысалы күн
сәулелерінің әсері, бұйымның жұмыс өмірін аса қысқартып
өзгерте алуы мүмкін. Түстері кеткен немесе үйкеліп тозған
тал жіптері / белбеу бауы, түстердің өзгерілуі мен арқандағы
қалыңдап кеткен жерлер бұйым қолдануының тоқтатылуы
керек екені үшін нақты белгілер.
Бұйымның жұмыс өмірі бойынша бір ғана жалпы мәлімет
берілмейді, себебі ол бір қатар факторларына байланысты,
мысалы (тізім толық емес) УФ-сәулелену, қолдану түрі мен
жиіктігі, күту, қар сияқты ауа әсерлері, тұз, құм, батарея
қышқылы сияқты қоршаған орта әсерлері, ... .
Жылпы мынаған назар аударыңыз: Қолданушы
тарабынан қандай да себептен – осы себеп басында
маңызды емес сияқты болып көрінсе де – бұйымның
жарамдылығы бойынша күдіктері пайда білдірілсе,
бұйымның қолдануын тікелей тоқтатып, оны арнайы
маман арқылы тексертіп алу қажет. Бұйымда тозу
белгілері көріне басталса оның қолдануын тікелей
тоқтатыңыз.
Құлап түскеннен кейін бұйымды міндетті түрде
ауыстырып алу керек!
СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША МӘЛІМДЕМЕ
Сәйкестік бойынша мәлімдеме www.teufelberger.com
веб-сайтының Download (Жүктеп алу) бөлімінде (санаты:
Konformitätserklärung (Сәйкестік бойынша мәлімдеме))
қолжетімді.
57

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières