126 | Қазақ
Қоршаған орта температурасы жұмыс
температурасының диапазонынан тыс
Қоршаған орта температурасы
өлшеу құралымен жұмыс істеу
үшін тым жоғары немесе тым
төмен. Өлшеу құралы
5 секундтан кейін өшіп
қалады, бұл ортада өлшеу
мүмкін емес.
Беткі температура өлшеу диапазонынан тыс
Өлшеу құралының лазер шеңберіндегі беткі
температурасы тым жоғары (Hi) немесе тым төмен (Lo).
Аталмыш нысанның температурасын өлшеу мүмкін емес.
Лазер шеңберін басқа нысанға бағыттап, жаңа өлшеу
әрекетін бастаңыз.
Ішкі қате
Өлшеу құралында ішкі қате
орын алып, ол 5 секундтан
кейін өшіп қалады.
Бағдарламалық жасақтаманы
бастапқы күйге қайтару үшін
батареяларды шығарыңыз,
бірнеше секунд күтіңіз және
батареяларды қайтадан
енгізіңіз.
Қате сонда да орын алса, өлшеу құралын Bosch қызмет
көрсету орталығында тексертіңіз.
Терминология түсініктемелері
Эмиссия дәрежесі
Нысанның эмиссия дәрежесі үстіңгі беттің материалы мен
құрылымына байланысты болады. Ол нысанның, оңтайлы
жылылық сәулелендіргішпен (қара түсті корпус, эмиссия
дәрежесі ε = 1) салыстырғанда, қаншалықты көп
инфрақызыл жылылық сәулеленуін шығаратынын
көрсетеді және сәйкесінше 0 және 1 арасындағы мәнді
құрайды.
Жылылық көпірі
Жылылық көпірі ғимараттың сыртқы қабырғасындағы
жергілікті асқын жылылық жоғалуы орын алатын орынды
білдіреді.
Жылылық көпірлері асқын зең басу қаупін тудыруы
мүмкін.
Салыстырмалы ауа ылғалдыдығы
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы ауаның су буымен
қаншалықты қаныққанын көрсетеді. Дерек ауа қабылдай
алатын максималды су буы көлемінің пайыздық мәні
ретінде көрсетіледі. Максималды су буының көлемі
1 609 92A 4NX | (20.04.2021)
температураға байланысты: температура қаншалықты
жоғары болса, ауа соншалықты көп су буын қабылдай
алады.
Егер салыстырмалы ауа ылғалдылығы тым жоғары болса,
зең басу қаупі көтеріледі. Тым төмен ауа ылғалдылығы
денсаулыққа жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Еру нүктесінің температурасы
Еру нүктесінің температурасы ауадағы су буының
конденсациясы орын алатын температураны көрсетеді.
Еру нүктесінің температурасы салыстырмалы ауа
ылғалдылығына және ауа температурасына байланысты
болады.
Егер үстіңгі беттің температурасы еру нүктесінің
температурасынан төмен болса, осы үстіңгі беттегі судың
конденсациясы басталады.
Үстіңгі беттегі конденсат зең басудың басты себебі болып
табылады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз.
u
Өлшеу құралының ішінде зақымдар немесе бос
бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді
болмайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза
және құрғақ ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі
тиіс.
Әсіресе ауа ылғалдылығы мен температура датчигін (1),
қабылдағыш линзаны (2) және лазер шығару
саңылауын (3) айрықша мұқият тазалаңыз:
Қабылдағыш линзада немесе лазер шығару саңылауында
кесектердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Үшкір заттармен
датчиктен немесе қабылдағыш линзадан кірді кетіруге
әрекеттенбеңіз. Қажет болса, кірді майсыз сығылған
ауамен үрлеп шығаруға болады.
Өлшеу құралын пластик қалтада сақтамаңыз, оның буы
ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта температурасының
датчигіне (1) зақым келтіре алады. Өлшеу құралына
сенсорға жақын ешбір жапсырманы жабыстырмаңыз.
Өлшеу құралын ауа ылғалдылығы 30 және 50 %
аралығынан тыс болатын жерлерде ұзақ уақыт
сақтамаңыз. Егер өлшеу құралы тым ылғалды немесе тым
құрғақ жерде сақталса, оны іске қосу кезінде, қате өлшеу
әрекеттері орындалуы мүмкін.
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында
сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында
жіберіңіз.
Bosch Power Tools