• Ыстық құралды ешқашан жанғыш сұй-
ықтықпен тазаламаңыз. Өрт пен жарылы-
стың туындау қаупі бар.
• Қолдарыңызды таза ұстаңыз жəне оларға
май тигізбеңіз. Жылпылдақ қолдар жаза-
тайым жағдайларға əкеліп соғуы мүмкін.
• Əрдайым қолданыстағы ұлттық жəне
халықаралық қауіпсіздік техникасының
талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау
жəне еңбек нормаларын орындау қажет.
Жұмысты бастау алдында құрылғыны пайда-
лану орнындағы қолданыстағы ережелер
туралы ақпарат алу керек.
• Жылжымалы бөлшектер желдету жəне ауасы-
здандыруға арналған саңылауларда да болуы
мүмкін екендігін ескеріңіз.
• Аспабыңызда орналасқан белгілерді алып
тастауға немесе жауып қоюға тыйым салы-
нады. Аспаптағы оқылмайтын белгілерді тез
арада ауыстыру қажет.
Пайдалануды бастамас бұрын нұсқау-
лықпен танысып, онда келтірілген нұсқау-
ларды сақтаңыз.
Көзді зақымдау қаупі бар! Жарық диоды-
на тікелей қарауға тыйым салынады.
Қорғаныш оқшаулама кернеулі электр бөл-
шектермен түйісуден қорғанысты қамтама-
сыз етеді, себебі ол жұмыс жағдайлары
бойынша қажет болатын негізгі түрі айна-
ласында қосымша оқшаулау болып табы-
лады. Қорғаныш оқшаулама II қорғаныс
классына сəйкес келеді.
Шаңды сору
Құрамында қорғасын, сыр, бірқатар ағаш
ұнтақтары, минералдар мен металдар болатын
осындай материалдардың шаңы денсаулыққа
зиянды болуы мүмкін. Шаңды жұту немесе
маңына бару пайдаланушылардың немесе
маңындағы адамдардың аллергиялық реакция-
сын жəне/немесе тыныс алу жолдары ауруларын
қоздыруы мүмкін. Шаңның белгілі бір түрлері,
мысалы, еменнің немесе бүк ағашының шаңы,
əсіресе, ағаш ұнтақтарын өңдеуге арналған қоспа-
мен (хроматтар, ағашты қорғау заттары) ара-
ласқанда концерогенді əсер етеді. Құрамында
асбест бар материалдарды тек мамандар ғана
өңдеуі тиіс.
– Əрқашан шаң сорғыш құрылғыны пайдала-
ныңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтама-
сыз етіңіз.
– Əрқашан шаңнан қорғау маскасын киіп жүріңіз.
– Өз еліңізде өңделетін материалдар бойынша
қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
Қауіпті діріл
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Діріл салдарынан
жарақат алу қаупі бар! Діріл, əсіресе
қан айналымы бұзылған адамдарда қан
тамыр ауруларын немесе жүйке жүй-
есінің өзгеріске ұшырауын тудыруы мүм-
кін.
Мынадай белгілер пайда болған кезде
жұмысты дереу тоқтатып, дəрігерге
жүгіну керек: дене мүшелерінің ұюы,
сезімталдық жоғалту, қышыну, шаншу,
ауырсыну, тері реңденуінің өзгеруі.
Техникалық сипаттамаларда атап өтілген діріл
көрсеткіші əдеттегі қолдану жағдайларын көрсе-
теді. Пайдалану кезіндегі нақты діріл бұл көрсет-
кіштен мынадай себептер бойынша ауытқуы мүм-
кін:
• мақсатынан тыс пайдалану;
• сəйкес келмейтін салмалы аспаптар;
• сəйкес келмейтін материал;
• жеткіліксіз техникалық күтім.
Егер сіз келесі нұсқауларды сақтасаңыз, қауіпті
айтарлықтай төмендете аласыз:
– Техникалық күтімді пайдалану бойынша нұсқа-
улықта келтірілген кеңестерге сəйкес жүр-
гізіңіз.
– Төмен температурада жұмыс жасамауға тыры-
сыңыз.
– Суық ауа райында дене мен əсіресе қолдар-
дың жылы болуын қадағалаңыз.
– Тұрақты түрде үзілістер жасап жəне қан айна-
лымын жақсарту үшін қолдарыңызды қозғал-
тып тұрыңыз.
Жеке қорғаныс құралдары
Аспаппен жұмыс істеген кезде, қорғаныш
көзілдірік киіңіз.
Аспаппен жұмыс істеген кезде есту мүше-
лерін қорғау құралдарын киіңіз.
Шаң түзілуі жоғары болатын материалдар-
мен жұмыс істеген кезде шаңнан қорғай-
тын маска киіңіз.
Аспаппен жұмыс істеген кезде қорғаныс
қолғабын кимеңіз.
Аспаппен жұмыс істеген кезде, денеге жа-
бысып тұратын жұмыс киімін киіңіз.
Ұзын шаштарды жабыңыз немесе қажет-
тілігіне қарай шашқа арналған торды киіңіз.
Аспапты шолу
Нұсқау: Аспабыңыздың іс-жүзіндегі
көрінісі суреттегіден ерекшеленуі мүмкін.
► 3-бет., 1-тармақ
1. Ағаш кесетін дискіге арналған тоқтатқыш
гильза
2. Айналмалы тұтқаны құлыптан босату түймесі
3. Ажыратқыш
4. Үзіліссіз жұмыс режиміне арналған бекіткіш
түйме
KAZ
101