KAZ
• Өңделетін дайындаманы қолда немесе
тізеде ұстамаңыз. Дайындаманы тұрақты
етіп бекітіп қойыңыз. Денемен жанасу
қаупін, аралау дискісінің тұтығып қалуын
немесе оны бақылай алмау қаупін азайту үшін
дайындаманың мықтап бекітілгені маңызды.
• Көлденең аралау кезінде əрқашан тірек
немесе тегіс бағыттауышты қолданыңыз.
Осылайша аралау дəлдігі артып, аралау дис-
кісінің тұтығып қалу қаупі азаяды.
• Ағаш, ағаш жоңқасынан жасалған тақталар,
құрылыс материалдары жəне т.б. аралаудан
бұрын бөгде заттардың, мысалы, шегелер,
бұрандамалардың болмауын тексеріңіз. Керек
болған жағдайда оларды алып тастаңыз.
• Үлкен тақталарды өңдегенде аралау дис-
кісінің тұрып қалуы нəтижесінде кері соққы
қаупін төмендету үшін оларды тіреп қой-
ыңыз. Үлкен тақталар өз салмағынан қисаюы
мүмкін. Тақталарды екі жақтан: ойық жанында
жəне шетінен тіреп қою қажет.
• Өтпейтін немесе зақымдалған аралау дис-
кілерін қолданбаңыз. Өтпейтін немесе
тістері дұрыс бағытталмаған аралау дискілері
тар ойықтың əсерінен жоғары үйкеліске, ара-
лау дискісінің тұрып қалуына жəне кері соққыға
əкеледі.
• Аралау алдында аралау бұрышын реттеу
үшін тұтқаларды дұрыстап тарту қажет.
Егер аралау кезінде реттеу орнынан жылжып
кетсе, бұл аралау дискісінің қысылуына жəне
тайқып тиюіне əкелуі мүмкін.
• Аралауды Сіз көре алмайтын қабырғаға
немесе басқа жерлерге еніп орындаған
кезде ерекше абай болыңыз. Ендірілген
аралау дискісі аралау барысында жасырын
нысаналарда тұрып қалып, кері соққыға себеп-
кер болуы мүмкін.
• Бүйірден басу арқылы сөндіргенде аралау
дискісін тоқтатпаңыз. Осылайша аралау
дискісін зақымдауға немесе сындыруға немесе
кері соққы тудыруға болады.
• Құрамында қорғасын бар материалдар-
дың, ағаш түрлерінің, минералдар мен
металдардың шаңы денсаулыққа зиян
жəне аллергиялық реакцияға, тыныс жол-
дарының сырқаттарына жəне/немесе
қатерлі ісікке əкелуі мүмкін. Құрамында
асбест бар материалдарды тек білікті қызмет-
кер өңдей алады.
• Мүмкіндігінше шаң сорғыш құрылғыны пайда-
ланыңыз.
• Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтама-
сыз етіңіз.
• Респиратор кию ұсынылады.
• Өңделетін материалдар бойынша жергілікті
ұйғарымдарды сақтаңыз.
• Мүмкіндігінше шаң сорғыш құрылғыны
пайдаланыңыз. Желдеткіш тесіктерді үнемі
тазартып тұрыңыз. Металдарды өңдегенде
ұшқыш шаң электр құралының ішінде тұнып
қалуы мүмкін. Бұл электр құралының қорғаныс
оқшаулауын зақымдауы мүмкін.
• Араны тек жұмсақ материалға, мысалы, ағаш
немесе гипсокартонға енгізіңіз.
100
Қылышты араларға арналған қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулар
• Аралау кезінде тірек тақтасы дайындамаға
тығыз жанасып тұруын бақылап оты-
рыңыз. Қисайған аралау дискісі сынуы
немесе кері соққыға əкелуі мүмкін.
• Тік бұрышпен орындалатын еніп аралау
кезінде бағыттауыш тақтаны жан-жаққа
қисайып кетпейтіндей бекітіп қойыңыз.
Тақтаның жан-жаққа ығысуы аралау дискісінің
тұрып қалуына, сəйкесінше кері соққыға əкелуі
мүмкін.
• Аралау дискісінің сенімді бекітілуін тек-
серіңіз. Нашар бекітілген аралау дискісі құлап
кетіп, Сізді жаралауы мүмкін.
• Аралау дискісін итеріп шығарған кезде электр
құралын құлап бара жатқан дискісі ешкімді
зақымдамайтындай етіп ұстаңыз.
• Корпусында орнатылған түйіспелі қорғаныш
жұмыс кезінде аралау дискісіне абайсызда
тиіп кетудің алдын алады. Оны алып тастауға
болмайды.
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
• Жұмыс құралы жасырын электр сымына
немесе өзінің желілік кабеліне тиіп кетуі
мүмкін болатын жұмыстар орындалғанда,
электр құралын оқшауланған тұтқаларынан
ұстаңыз. Кернеуде тұрған сыммен түйісу
электр құралының металл бөлшектерін
зақымдауы жəне электр тогының соғуына
əкеліп соғуы мүмкін.
• Жұмысты орындау алдында жұмыс
аумағында су, газ, жылу жəне энергиямен
жабдықтаудың жасырын желілерінің бар-
жоғын тексеріңіз. Сұрақтар туындаған
жағдайда жергілікті коммуналдық қызметке
хабарласыңыз. Электр сымымен түйісу тұта-
нуға жəне электр тогының соғуына əкеліп
соғуы мүмкін. Газ сымының бұзылуы жарылуға
əкеліп соғуы мүмкін. Су құбырының бұзылуы
елеулі материалдық залалға əкеліп соғады
немесе электр тогының соғуына əкеліп соғуы
мүмкін.
• Электр құралының толық тоқтауын күтіңіз.
Электр құралы ілініп кетуі мүмкін , сонда
электр құралын бақылай алмай қаласыз.
• Дайындаманы бекітіп қойыңыз. Қысқыш
құралмен немесе атауызбен бекітілген дайын-
дама қолмен ұстағаннан мықты тұрады.
• Өз жұмыс орныңызды таза күйінде
ұстаңыз. Əртүрлі заттармен аралас ластану
өте қауіпті. Жеңіл металдардың (мысалы, алю-
миний) шаңы тез тұтанып, жарылуы мүмкін.
• Кабелі зақымдалған электр құралын пайда-
ланбаңыз. Зақымдалған қуат сымына
тиіспеңіз жəне ашаны тез арада желілік
розеткадан ажыратыңыз. Зақымдалған
сымдар ток соғу қатерін жоғарылатады.
• Аспап пен дайындаманың қызып кетуіне
жол бермеңіз. Аса жоғары температура əсерK-
нен құрал мен аспапқа зақым келуі мүмкін.
• Жұмыстан кейін құрал өте ыстық болуы
мүмкін. Ыстық құралдың сууына мүмкіндік
беріңіз. Ыстық құралдарды ұстау күйікке əке-
луі мүмкін.