Sony SU-WL450 Informations D'installation page 397

Masquer les pouces Voir aussi pour SU-WL450:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
Қабырғаға орнататын
кронштейн
Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушыларға
Теледидарды қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ
КӘСІБИ ТҮРДЕ ОРНАТЫЛУЫ КЕРЕК
Бұл өнімді тек қабырғаның теледидар
салмағына шыдамдылығын анықтауға
жаттықтырылған кәсіби орнатқыш
орнатуы керек. Егер орнату барысында
дұрыс бекітілмесе, теледидар құлап,
едәуір жарақаттауы мүмкін. Sony
компаниясы дұрыс пайдаланбау, дұрыс
орнатпау немесе көрсетілген өнімнен
басқасын пайдалану салдарынан
туындайтын кез келген зақым немесе
жарақат үшін жауапты болмайды.
Заңды құқығыңыз (қандай да бір)
жарамайды.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тәжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау
үшін осы нұсқаулықты толық оқып
шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау
немесе дұрыс орнатпау салдарынан
болған зақымдарға немесе жарақатқа
жауапты емес. Орнатқаннан кейін
тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс
қолданылуын және зақымды болдырмауға
қажетті алдын алу шараларын көрсетеді.
Осы нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды
оқу, мұқият түсіну және орындау сіздің
жауапкершілігіңізде. Олай істемеу едәуір
адам жарақатына немесе мүлік зақымына
және кепілдіктің күшінің жойылуына себеп
болуы мүмкін. Болашақта ақпарат алу үшін
осы нұсқаулықты қолжетімді жерде
сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып
жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса,
өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны
лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі
мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу
үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код
таңбасының коды келесі форматта
көрсетіледі: ЖЖЖЖ / ММ, мұнда ЖЖЖЖ
- жыл MM - өндіріс мезгілі.
Қазақстан жеріндегі тұтынушылардың
шағым-талаптарын қабылдауға уәкілетті
ұйым «Сони Электроникс» АҚ
Қазақстандағы Өкілдігі, 050010, Қазақстан
Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы,
117/7 үй
Өндіруші: Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы: 1-7-1 Конан
Минато-ку Токио, 108-0075 Жапония
Кеден одағы жеріндегі шетелден әкелуші:
«Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103,
Мәскеу, Карамышевский өтпе көшесі, 6
Қытайда жасалған
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Арнайы құрылғылар
Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға
арналған құрылғылармен бірге қолдану
үшін жасалған. Қабырғаға орнататын
кронштейнді пайдалануға болатынын
тексеру үшін теледидарға арналған
Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
Тұтынушыларға
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы
салдарынан ауыр жарақатқа немесе
өлімге әкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек және құрылғыны
орнату кезінде
кішкентай балаларды
алыс ұстаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейні немесе
теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі
жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар
мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе
алатындығына көз жеткізіңіз.
 Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе
сынық секілді ауыр жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
 Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын
қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе
еденге перпендикуляр болмаса, құрал
құлап, жарақатқа не мүліктің
зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырға
теледидардың салмағынан төрт есе ауыр
салқмақты көтере алуы қажет.
(Салмағын тексеру үшін теледидардың
Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.)
 Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға
берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа
немесе мүліктің зақымдануына әкелуі
мүмкін.
Балалар үшін
 Балаларға теледидар үстіне шығуға
рұқсат бермеңіз.
 Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ
ұстаңыз, жұтып қоймасын.
− 3 (KZ) −
Теледидарды
тасымалдау немесе
бөлшектеу жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек.
Лицензия бар мердігерлерден басқа
адамдар теледидарды тасымалдаса немесе
бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе
мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Теледидарды екі немесе одан көп адам
(75 дюймді және одан үлкен теледидар
жинағы үшін үш немесе одан көп адам)
тасымалдауға немесе шешуге мүмкіндіктері
жететіндігін тексеріңіз.
Теледидарды
бекіткеннен кейін
бұрандаларды және т.б.
босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Қабырғаға бекіту
кронштейнінің
бөлшектерін
ауыстырмаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға
бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің
зақымдануы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан
басқа құралды
бекітпеңіз.
Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек
арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін
жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек
құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып,
жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі
мүмкін.
Қабырғаға бекіту
кронштейніне
теледидардан басқа
затты қолданбаңыз.
Теледидарды солға/
оңға, жоғары/төмен
шайқамаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Теледидарға сүйенбеңіз
немесе асылып
тұрмаңыз.
Теледидарға сүйенсеңіз не асылып
тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
KZ

Publicité

Chapitres

Table des Matières
loading

Table des Matières