176 | Қазақ
Еш жағдайда құлаудан сақтандыру құралын
ілгекке бекітпеңіз.
Құлаудан сақтандыру құралын бекіту (K суретін
қараңыз)
Нұсқау: электр құралын құлаудан бекіту үшін жүйенің
салмағына жарамды құлаудан сақтандыру құралын (23)
пайдалану қажет. Құлаудан сақтандыру құралының
максималды рұқсат етілген ұзындығы 1,8 м құрайды.
Міндетті түрде электр құралындағы рұқсат етілген бекіту
диапазонын (22) ескеріңіз.
Құлаудан сақтандыру құралы ретінде теңіз түйінімен
бекітілген құтқару ілмегін немесе құлау амортизаторы
бар құлаудан сақтандыру құралын пайдаланыңыз.
Құлаудан сақтандыру құралын (23) бекіткен кезде
міндетті түрде оның пайдалану бойынша нұсқаулығына
назар аударыңыз.
Құлаудан сақтандыру құралының қарама-қарсы
u
жағын міндетті түрде тұрақты құрылымға
(мысалы, ғимарат немесе тұғыр) бекітіңіз және еш
жағдайда пайдаланушының өзіне бекітпеңіз.
Құлаудан сақтандыру құралы еркін қозғалуы тиіс
және оны тек берік анкерлік нүктеге (24) және
электр құралындағы рұқсат етілген бекіту
диапазонында (22) бекітуге болады.
Берік анкерлік нүктені (24) электр құралы құлаған
жағдайда құлаудан сақтандырғышқа еркін түсе
алайтындай және пайдаланушыны орамайтындай
және оған қауіп төндірмейтіндей таңдаңыз.
Еш жағдайда ілгекті (16) құлаудан сақтандыру
құралы ретінде пайдаланбаңыз.
Еш жағдайда құлаудан сақтандыру құралын
ілгекке бекітпеңіз.
Еш жағдайда құлаудан сақтандыру құралын
GDE 18V-26 D немесе GDE 28 D шаңсорғышы
монтаждалған электр құралында пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін,
u
электр құралды және желдету саңылауларын таза
қалыпта ұстаңыз.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
– Құрал бекіткішін (2) әр пайдаланғаннан кейін
тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
1 609 92A A7L | (19.09.2024)
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға
жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы
бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба
аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch
қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған
қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап
беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы
бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті
түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім
нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools