Télécharger Imprimer la page

Bosch GBH 18V-28 D Professional Notice Originale page 174

Publicité

174 | Қазақ
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының құралын
алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (E суретін қараңыз)
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (18) енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (18) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
– Бұрғылау патронының кілтін (20) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (18) тиісті саңылауларына
енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (F суретін
қараңыз)
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (18) төлкесін
бұрғылау патроны кілтінің (20) көмегімен алмалы-
салмалы аспапты шығару мүмкін болғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE 28 D (G суретін қараңыз) немесе
GDE 18V-26 D арқылы шаң сору
Бетон мен тас шаңын сорып алу үшін GDE 28 D немесе
GDE 18V-26 D сорғыш құрылғысы қажет болады.
Бұл сору жүйесі ағаш, металл және пластмасса сияқты
шаңдар және денсаулық үшін зиянды шаңдар (мысалы,
асбест) үшін жарамды емес.
1 609 92A A7L | (19.09.2024)
Пайдалану
Іске қосу
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (11) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (10)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (11) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше
солға қарай басыңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше
оңға қарай басыңыз.
Нұсқау: егер айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
ортаңғы күйде тұрса, ажыратқыш бұғатталады.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
Жұмыс шамы (9) ажыратқыш (7) кішкене немесе толық
басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын алғаш рет қосқан кезде, аздаған кідіріс
орын алуы мүмкін, себебі электр құралының
электроникасы алдымен конфигурациялануы қажет.
Bosch Power Tools

Publicité

loading