Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқасы (14) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Қосалқы тұтқаның әрдайым мықтап тартылғанына
u
көз жеткізіңіз. Әйтпесе жұмыс кезінде электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
Қосымша тұтқаны қайыру (A суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (14) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (14) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (14) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (14)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау және қашау үшін сізге SDS plus
бұрғылау патронына енгізілетін SDS plus құралдары
қажет болады.
Ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша соққысыз
бұрғылау және бұрау үшін SDS plus жоқ құралдар
(мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғы) қолданылады. Осы
құралдар үшін жылдам қысқыш бұрғылау патроны
немесе тісті тоғыны бар бұрғылау патроны қажет.
Bosch Power Tools
Бұрғылау патронын алмастыру
Қуаты
40–60%
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
20–40%
SDS plus жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі
бар бұрғылар) жұмыс істеу үшін тиісті бұрғылау патронын
5–20%
орнатуыңыз керек (тісті тоғыны бар немесе жылдам
0–5%
қысқыш бұрғылау патроны).
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату (B суретін
қараңыз)
– SDS plus бекіткіш білігін (19) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронына (18) бұрап орнатыңыз. Тісті
тоғыны бар бұрғылау патронын (18) бекіткіш
бұрандамен (17) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол
жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын енгізу
(B суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің (19) жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (18), ол өздігінен
құлыптанғанша, бекіткіш білікпен (19) бірге құрал
бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (18) тартып,
бекітілуін тексеріңіз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (4) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (18) шығарып алыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS plus құралын алмастыру
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (C суретін
қараңыз)
SDS plus бұрғылау патроны (1) алмалы-салмалы аспапты
қосымша құралдарды пайдаланбай оңай әрі жайлы түрде
алмастыруға мүмкіндік береді.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (2)
автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін
қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды
ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер
етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға
келтіріледі.
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (D суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Қазақ | 173
1 609 92A A7L | (19.09.2024)