Télécharger Imprimer la page

Bosch GWS 27-230 J Professional Notice Originale page 207

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS 27-230 J Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (13),
u
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (5)
немесе ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы (5) монтаждалған ажарлауға арналған
қаптамамен (24) бірге бетон немесе кіркіш
қалауда кесу және ажарлау әрекеттері үшін
пайдаланған кезде, асқын шаң жүктемесі пайда
болады және кері соққыға әкелуі мүмкін электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылудың
артқан қаупі туындайды.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы (18)
пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты
пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды
ұсынады.
Электр құралын өшіріңіз және
бағыттауыштардың алдыңғы
бөлігімен бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралын біркелкі,
материалға сәйкес беріліспен
жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас
кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас
кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын
ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді.
Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Басқа материалдарды кесу
Пластик, композиттік материалдар және т.с.с.
u
материалдарды байланыстырылған кескіш
дискілермен немесе Carbide Multi Wheel кескіш
дискілерімен кескен кезде әрдайым кесуге
арналған қорғаныш қаптаманы (13) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (5)
монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (24)
бірге пайдаланыңыз. Бағыттауыштары бар сорғыш
қаптаманы (18) пайдалану арқылы шаңның
жақсырақ сорылуына қол жеткізесіз.
Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыс істеу
Құрғақ алмас бұрғылау коронкаларын
u
пайдаланыңыз.
Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыстар өткізу
u
үшін әрдайым қол қорғанысын (19) монтаждаңыз.
Алмас бұрғылау коронкасын дайындамамен параллель
етіп орнатпаңыз. Дайындаманы еңкейтіп және айналмалы
қозғалыстармен батырыңыз. Ослайша алмас бұрғылау
Bosch Power Tools
коронкасының оңтайлы суытылуына және ұзақ жарамдық
мерзіміне қол жеткізесіз.
Статика туралы нұсқаулар
Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық
нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті
түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика
жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
кеңесіңіз.
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Құрылғыны оқшауланған қысқыш беті мен
u
қосымша қысқыш арқылы ұстаңыз. Алмалы-
салмалы аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз
желі кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
4
2
Бекіткіші бар ауыстырып-қосқыш нұсқасы
Электр құралын іске қосу үшін алдымен
ажыратқышты (2) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай
жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз
➌.
Басылған ажыратқышты (2) бұғаттау үшін
ажыратқышты (2) одан әрі алға жылжытыңыз ➍.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз
немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (2) қысқаша
басып, содан кейін жіберіңіз.
Бекіткіші жоқ ауыстырып-қосқыш нұсқасы
Электр құралын іске қосу үшін алдымен
ажыратқышты (2) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай
жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз
➌.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
Қазақ | 207
1
3
1 609 92A 9L8 | (11.04.2024)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gws 27-180 j professional