166 | Қазақ
Ара полотносын лақтыру (B суретін қараңыз)
Ара полотносын лақтыруда электр құралын ешбір
u
адам немесе хайуан лақтырылған ара полотносы
арқылы зақымдалмайтын ретте ұстаңыз.
SDS тұтқышын (18) тиюден қорғау (14) бағытында алға
бұраңыз. Ара полотносы босатылып шығады.
Жылжыма
Сезімтал беттерді өңдеуде жылжыманы (10) тіреу
тақтасына (11) орнатып беттің қырылуының алдын
алыңыз.
Жылжыманы (10) орнатуда оны тіреу тақтасында (11)
асып арқасында басып тіретіңіз.
Жарылудан сақтайтын пластина
(C суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (20) ағаш аралау кезінде
үстіңгі беттің жарылуына жол бермеуі мүмкін. Жарылудан
сақтайтын пластинаны тек мақұлданған ара төсемінің
түрлерімен және 0° кесік бұрышында ғана пайдалануға
рұқсат етіледі. Тірек тақтасын (11) жарылудан сақтайтын
пластинамен бірге аралау кезінде жиекке жақын аралау
үшін артқа жылжытуға рұқсат етілмейді.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (20) төменнен тіреу
тақтасына (11) басыңыз (суретте көрсетілгендей
ойығымен жоғарыға).
Кесік сызығын бақылау тетігі Cut Control
(D−E суреттерін қараңыз)
Кесік сызығын бақылау тетігі Cut Control электр құралын
дайындамада сызылған кесік сызығының бойымен дәл
бағыттауға мүмкіндік береді.
Кесік белгілері бар көру терезесін (13)
жалғағыштың (15) көмегімен тірек тақтасына (11)
немесе жалғағышсыз (15) тікелей жылжымаға (10)
бекітуге болады.
Cut Control тірек тақтасына бекіту (D суретін қараңыз):
– Cut Control тетігіне арналған көру терезесін (13)
жалғағыштағы (15) ұстағыштарға қысыңыз. Содан
кейін розетканы азғантай қысып, тірек
тақтасының (11) бағыттауышында (21) бекітіңіз.
– Жалғағышты (15) алып тастау үшін оны азғантай
қысып, бағыттауыштан (21) шығарып алыңыз.
Cut Control жылжымаға бекіту (E суретін қараңыз):
– Cut Control тетігіне арналған көру терезесін (13)
жылжымадағы (10) ұстағыштарға қысыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
1 609 92A 8M8 | (18.08.2023)
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (6) тірек тақтасының (11)
ойығына тірелгенше кіргізіңіз.
Сору адаптерін (23) сорғыш шлангіге (22) шерту
дыбысымен тірелетіндей енгізіңіз. Сору адаптерін (23)
электр құралындағы аспирациялық келте құбырмен (6)
және сорғыш шлангіні (22) шаңсорғышпен (керек-
жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (20) орнатыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
тербеліс жоқ
кіші тербеліс
орташа тербеліс
үлкен тербеліс
Bosch Power Tools