Сандық тексеру камерасы
Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар
A) камера кабелімен GIC 4/5 Imager 8.3mm/1.5m
B) Сурет диагоналі арқылы өлшенген
C) 50 мм арақашықтықта және қараңғы ортада
D) Камера индикаторымен, AutoUp функциясымен, орташа дисплей жарықтығы, 50%
жарықтыққа ие камера шамы
E) GBA 12V 2.0Ah аккумуляторымен
F) Аккумуляторларсыз/батареяларсыз/батарея адаптерінсіз/камера кабелінсіз салмағы
Монтаждау
Қуатпен жабдықтау
Тексеру камерасын Bosch литий-иондық аккумуляторымен, стандартты
батареялармен немесе стандартты NiMH аккумуляторларымен пайдалануға болады.
Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (d) литий-иондық аккумулятордың,
батареялардың немесе NiMH аккумуляторларының заряд деңгейін көрсетеді.
Батарея адаптерімен жұмыс істеу (A суретін қараңыз)
Батареялар немесе NiMH аккумуляторлары батарея адаптеріне салынады.
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камераларында пайдалануға
u
арналған және оны электр құралдарымен бірге пайдалануға болмайды.
Батареяларды немесе аккумуляторларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (22)
науаға (21) кіргізіңіз. Батареяларды немесе аккумуляторларды, жапқыштағы (24)
суретте көрсетілгендей, қап ішіне салыңыз. Жапқышты, ол сезілетіндей тіреліп,
тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, қап үстіне жылжытыңыз.
Батареяларды немесе аккумуляторларды шығару үшін жапқыштың (24) босату
түймелерін (23) басып, жапқышты тартып шығарыңыз. Ішінде жатқан қапты (22)
науадан (21) тартып шығарыңыз.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды
пайдаланыңыз.
Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда ішінен
u
батареяларды немесе аккумуляторларды шығарып алыңыз. Тексеру
камерасында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды немесе
аккумуляторларды тот басуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Қазақ | 295
GIC 12V-5-27 C
GAL 12...
GAX 18...
1 609 92A 9RJ | (24.05.2024)