ауа кондиционерінің қасында пайдаланудың алдын
алыңыз.
Жоғарыдағы мəселелердің алдын алу үшін
жарықтықты кішкене азайтып, құрылғы
пайдаланылмаған кезде қуаттан ажыратып қоюды
ұсынамыз.
Тазалауға қатысты
Тазалаудан бұрын
Айнымалы ток адаптерінің сымын розеткадан
ажыратыңыз.
Мониторды тазалауға қатысты
Сұйық кристалды дисплей мониторын
медициналық мақсатта пайдаланған жағдайда
алдыңғы қорғау тақтасына инфекцияға қарсы
материал пайдаланылады. Қорғау тақтасының беті
жарықтың шағылысуын азайту үшін арнайы
өңделген. Қорғау бетіне/монитордың бетіне бензин,
еріткіш, қышқыл, сілті, қырғыш құрал немесе
химиялық тазарту шүберектері сияқты құралдар
пайдаланылса, монитордың жұмысы бұзылады
немесе беттің жылтыры зақымдалады. Мыналарға
қатысты абай болыңыз:
• Қорғау тақтасының бетін/монитордың бетін 50 -
70 к/к% изопропил спиртінің концентратымен
немесе 76,9 - 81,4 к/к% этанол концентратымен
сүртіп тазалаңыз. Қорғау тақтасының бетін
ақырын сүртіңіз (1 Н күштен аз күш жұмсап
сүртіңіз).
• Тұрып қалған дақтар жұмсақ еріткішпен
ылғалдандырыла отырып, тазартқыш шүберекпен
ысқылап, содан кейін үстінен пайдаланылатын
химиялық еріткішті пайдалану арқылы кетіріледі.
Тазалау немесе дизинфекция үшін бензин,
еріткіш, қышқыл, сілті, қырғыш құрал немесе
химиялық тазарту шүберектері сияқты
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар
қорғау тақтасының/монитордың бетін
зақымдайды.
• Қорғау тақтасының/монитордың бетін бүлінген
шүберекпен сүрткен кезде артық күш
пайдаланбаңыз. Қорғау тақтасының/монитордың
беті сызылуы мүмкін.
• Қорғау тақтасының/монитордың бетін резеңкеге
немесе винил резеңкеге ұзақ уақыт бойы тигізіп
ұстамаңыз. Беттің жылтыры нашарлауы немесе
қабаты түсіп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тастау
Құрылғыны басқа қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Мониторды тұрмыстық қалдықтарға қоспаңыз.
12
KZ
Ескерту
Бірнеше құрылғыларды
пайдалануға арналған кеңес
Мониторды қауіпсіздікті бақылау үшін маман жəне
жеке мүліктер немесе тұрақты суреттер немесе
шұғыл жағдайда пайдаланса, бірнеше құрылғыны
немесе қосымша құрылығыны пайдалануға кеңес
береміз.
Қайта орауға қатысты
Картон немесе орайтын материалдарды тастамаңыз.
Олар құрылғыны тасымалдауға ыңғайлы болады.
Құрылғы туралы сұрақтарыңыз болса, өкілетті Sony
дилеріне хабарласыңыз.
Желдеткіш қатесіне қатысты
Құрылғыны суытатын желдеткіш ендірілген.
Желдеткіш тоқтаған кезде алдыңғы панельдегі
RETURN (Қайтару) түймесі желдеткіш қатесін
көрсетіп жыпылықтайды, қуаттан ажыратып,
өкілетті Sony дидеріне хабарласыңыз.
Ылғал конденсацияға қатысты
Егер құрылғы салқын орыннан жылы орынға
ауыстырылса немесе орта температурасы кенет
көтерілсе, құрылғының сыртқы қабатында жəне/
немесе ішінде ылғал пайда болуы мүмкін. Бұл
конденсация ретінде белгілі. Конденсация пайда
болса, құрылғыны өшіріп, конденсация
тазаланғанша оны іске қоспаңыз. Конденсация
кезінде құрылғыны пайдалансаңыз, оның
зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты ескертулер
• Кейбір адамдарда бейне суреттер көрген кезде
ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы, қалжырау
немесе лоқсу) болуы мүмкін. Sony корпорациясы
бейне суреттер көрген кезде барлық көрушілерге
үзіліс жасап тұруға кеңес береді. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі адамдарға
байланысты əр түрлі болады. Қайсысы ыңғайлы
екенін өзіңіз шешуіңіз керек. Егер қандай да бір
ыңғайсыз жағдай сезінсеңіз, ол аяқталғанша бейне
суреттерді көруді тоқтатыңыз, қажет десеңіз,
дəрігерге қаралыңыз.