қазақ
Ішке тартылған газдар адамның улануына
әкелуі мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды ішке тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру қабілетіңіз
нашарлаған, есту қабілетіңіз нашарлаған немесе
басыңыз айналған жағдайда: жұмысты аяқтап,
дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Қозғалтқыш іске қосылған соң қызып кетуі мүмкін.
Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Тазалау алдында қозғалтқыш суығанша күтіңіз.
■ Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде, пайдаланушы
шуды шектеулі түрде естуі және түсінуі мүмкін.
► Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
■ Қозғалтқыш жоғары айналу жиілігінде өшірілген кезде,
қате оталдыру немесе кейінгі оталдыру орын алуы
мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіруден бұрын 20 секунд ішінде
минималды айналу жиілігімен жұмыс істетіңіз.
5 Қозғалтқышты жұмысқа дайын ету
5.1
Қозғалтқышты толтыру
Іштен жанатын қозғалтқыш этилденбеген бензин үшін
мақұлданған. Этилденбеген бензин азырақ
қалдықтармен жанады, от алдыру білтесіндегі
тұнбаларды азайтады және газ шығару жүйесінің қызмет
ету мерзімін ұзартады. Бензин мына талаптарды
орындауы тиіс:
– Бензин таза, ластанбаған және этилденбеген.
170
5 Қозғалтқышты жұмысқа дайын ету
– Бензиннің октандық саны кемінде 85 құрайды.
– Бензиннің құрамындағы этанол 10% (E10) шамасынан
аспайды.
STIHL компаниясы STIHL MotoPlus жанармайын
ұсынады. Бұл жанармай құрамында бензол, күкірт пен
денсаулыққа зиянды иістер жоқ дерлік.
Бак сыйымдылығы 0,9 литр құрайды.
Назар аударыңыз
■ Егер қозғалтқыш дұрыс бензинмен толтырылмаса,
қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
STIHL компаниясы жаңа бензин маркаларын
пайдалануды ұсынады, екі тактілі қоспаны (май қоспасы
бар бензинді) қолдануға тыйым салынады.
Тұрып тұнған немесе кірленген бензинді құюға
болмайды.
Бак ішінің кірмен және сумен ластануын болдырмаңыз.
Тек рұқсат етілген бензинді қолданыңыз (E85 емес).
Гүрсіл не шуыл естіген жағдайда бензин маркасын
ауыстырыңыз.
► Қажет болса, делдалға хабарласыңыз, STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын ұсынады.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► STIHL құрылғысын тегіс бетке қойыңыз.
► Жанармай багы құлпының айналасындағы аймақты
ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
0478-983-9912-A