5.5 Дыбыс деңгейін орнату
▶ Акустикалық сигналды орнатуға арналған түйменің көмегімен қалаулы дыбыс деңгейін орнатыңыз.
5.6 Тазалау және кептіру
▶ Үстіңгі беттен шаңды үрлеп шығарыңыз.
▶ Индикатор панеліне немесе қабылдау терезесіне саусақпен тимеңіз.
▶ Аспапты тек таза және жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Қажет болса, шүберекті спиртпен немесе
сумен сулап қойыңыз.
▶ Жабдықты сақтағанда температуралық режимді сақтаңыз, әсіресе жазда немесе қыста, жабдықты
көлік ішінде сақтаған кезде (-30°C және +60°C аралығында) (-22°F және 140°F аралығында).
6 Тасымалдау және сақтау
6.1 Тасымалдау
▶ Жабдықты тасымалдау немесе жіберу үшін Hilti тасымалдау контейнерлерін немесе сапасы ұқсас
орауышты қолданыңыз.
Нұсқау
Аспапты жіберу үшін батареяларды оқшаулау немесе аспаптан шығарып алу қажет.
6.2 Сақтау
▶ Аспап ылғалды жерде сақталған болса, оны алып, мына әрекеттерді орындаңыз.
▶ Аспапты, тасымалды сөмкені және саймандарды құрғатыңыз және тазалаңыз (63 °C / 145 °F
аспайтын температурада).
▶ Жабдықты толығымен құрғақ болған жағдайда орауға болады, құрғақ жерде сақтау керек.
▶ Аспапты ұзақ сақтаудан немесе тасымалдаудан кейін оны қолдану алдында сынақ өлшеуін
жүргізіңіз.
6.3 Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу. Аккумуляторлар аспап ішіне енгізілген кезде, аспапты
тасымалдау барысында бақыланбайтын іске қосылу орын алып, аспапқа зақым келтіруі мүмкін.
▶ Аспапты тасымалдағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды шығарыңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды бөлек орауыштарда тасымалдаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу. Ағып кеткен аккумулятор элементтері
аспапты зақымдауы мүмкін.
▶ Аспапты сақтағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт сақтаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Printed: 02.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5343882 / 000 / 01
Қазақ
137