8
Күтіп ұстау жəне тазалау
Тазалау, техникалық қызмет көрсету немесе дезинфекциялау үшін өндіруші нұсқаулары мен
ақпараттарына сəйкес қолданылған кезде дулығаға жағымсыз əсер етпейтін жəне
пайдаланушыға жағымсыз əсер ете қоймайтын заттарды ғана пайдаланыңыз.
Осы дулығаның пайдалануға жарамды мерзімі дулығаны жасауда пайдаланылған материал
түр(лер)іне жəне сақталған қоршаған ортаға байланысты əр түрлі болады. Осы жайлы
ұсыныстарды өнімді өндірушіден алыңыз.
Ескерту!
Дулығаның материалдарын зақымдаудың алдын алу үшін дулығаға немесе көзəйнектерге
көмірсутек негізіндегі сырды, жапсырмаларды, тазалау өнімдерін немесе ерітінділерді
қолданбаңыз.
Дулығаны құлатып алмаңыз.
Дулығаның қалқандарын зақымдауы мүмкін соққылардың алдын алыңыз
(жарықтар/сызықтар).
Теріге тиетін бөліктерге жарықтар түспегенін жəне киген кезде ыңғайсыздықтың
жоқтығын тұрақты түрде тексеру керек. Осы бөліктер ауыстырылған кезде
пайдаланушының ыңғайлылық деңгейі сақталады.
Дулығаның қызмет мерзімін ұзарту:
•
Суықта, ылғалда, түтінде жəне т.б. ұзақ уақыт бойы қалдырмас үшін дулығаны тиісті сақтау
қалтасында жəне/немесе жабық шкафта сақтаңыз.
•
Дулығаны пайдаланған соң оны сақтамас бұрын тазалаңыз (корпусты жəне ішкі бөліктерін).
Əрбір пайдаланғаннан кейін тексеру
Əрбір пайдаланылған соң, дулығаның əрбір бөлігін, əсіресе барлық бекіту орындарын тексеріп
тұрыңыз:
•
дұрыс ілгек орындарының пайдаланылғанын
•
тозбағанын
•
сынықтар мен жарықтардың жоқтығын
Дулығаның дұрыс реттелгеніне əрқашан көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
Ескерту!
Кез келген зақымданған бөлшектерді тек MSA бөлшектерімен ауыстырыңыз, себебі осы
тұпнұсқа бөлшектер ғана мақұлданған жəне дулығаның тиімділігін арттырады.
Бұл дулыға соққы қуатын өзі аздап жарылу немесе зақымдану арқылы қабылдайды. Мұндай
зақым дереу көрінбесе де, өте қатты соққы тиген дулығаны ауыстыру керек.
8.1
Тазалау жəне зарарсыздандыру
Мойын перделерін тазалау
Жүннен жасалған мойын пердесі:
•
30°C температурада жұмсақ жуғыш сұйықтықпен
тазалау
Алюминий мойын пердесі:
•
30°C температурада губканы пайдаланып сумен
тазалаңыз.
8.2
Тасымалдау
Көзəйнектерді дулыға ішінде (пайдалану позициясынан тыс кезде) сақтаңыз, ал дулығаны MSA
қорғаныс қабында (GA1043) сақтауға болады.
8.3
Тастау
Бұл дулыға жергілікті заңдарға сай қалыпты өндірістік қоқыс/қауіпсіз қоқыс ретінде тасталуы
керек. Толық ақпарат алу үшін MSA компаниясымен хабарласыңыз.
F2 X-TREM
Күтіп ұстау жəне тазалау
KZ
127