● Барлық сипатталған жұмыстарды
орындаған кезде құрылғы тегіс жəне
берік бетте тұруы керек.
7.1 Бас тұтқаны монтаждау
Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін
монтаждау:
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (1) бас
тұтқаның екі төменгі бөлігіне
орнатыңыз.
● Шоғырсымды ұстаушысы (B) бар
дөңгелек жалпақ басты
бұрандаларды сырттан саңылаулар
арқылы өткізіп, айналмалы
тұтқалармен (C) бұрап бекітіңіз.
● Қозғалтқышты тоқтату арқан
жетегін (2) оң жақ шоғырсымды
ұстаушыға (3), ал аэратор блогының
арқан жетегін (4) сол жақ
шоғырсымды ұстаушыға (5) суретте
көрсетілгендей іліп қойыңыз.
Kaбель қысқыштарын монтаждау:
● Бірінші кабель қысқышын (D) бас
тұтқаның жоғарғы бөлігіне
монтаждаңыз. Кабель қысқышы мен
қосқыш арасындағы қашықтық:
25 - 27 см
● Екінші кабель қысқышын (D) бас
тұтқаның төменгі бөлігіне
монтаждаңыз.
● Қозғалтқыштың тоқтату арқан
жетегін (2) суретте көрсетілгендей екі
кабель қысқышына
орналастырыңыз. Қапсырманы (6)
жауып бекітіңіз.
0478 670 9907 A - KK
7.2 Стартер арқанын бекіту
жəне босату
● Стартер арқанын бекіту жəне
босату алдында от алдыру білтесі
сымының штекерін іштен жанатын
3
қозғалтқыштан суырып тастаңыз –
содан кейін қажет болса, қайтадан
жалғаңыз.
Бекіту:
● Қозғалтқышты тоқтату тұтқасын (1)
бас тұтқаға қарай басып тұрыңыз.
● Стартер арқанын (2) баяу тартып
ұстаңыз. Қозғалтқышты тоқтату
тұтқасын жіберіңіз.
● Стартер арқанын (2) жетек
арқанының бағыттауышына (3) іліп
қойыңыз.
Босату:
● Стартер арқанын (2) жетек
арқанының бағыттауышынан (3)
босатып, баяу артқа тартыңыз.
7.3 Жанармай жəне мотор майы
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Алғашқы іске қосудан бұрын
мотор майын құю керек. Мотор
майын немесе жағармай құю
кезінде қосымша көмекші керек-
жарақтар қолдану керек
(мысалы, шұңғыманы).
Мотор майы:
Қолданылатын мотор майы мен
толтырылатын майдың көлемі
туралы қосымша мəліметті
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтан табуға болады.
Майдың деңгейін үнемі тексеріп
тұрыңыз (қозғалтқышты пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
4
Майды бақылау белгісінен асырып
немесе одан аз құймаған жөн.
Іштен жанатын қозғалтқышты іске
қосудан бұрын май багының құлпын
шегіне жеткенше дейін бұрап тастау
керек.
Жанармай:
Ұсыныс:
жаңа таңбалы жанармай,
Этилденбеген бензин.
Жағармай сапасы жөніндегі
нұсқауларды (октандық сан)
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтан қараңыз.
7.4 Бас тұтқаны жинау
Қысылу қаупі бар!
Айналмалы тұтқаны (1) босату
арқылы бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін жинауға болады.
Сондықтан да айналмалы
тұтқаларды бұрап босату кезінде
бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2)
5
əрқашан ең жоғарғы жерде бір
қолмен ұстап тұрыңыз.
Тасымалдау күйі – шағын түрде
тасымалдау жəне сақтау үшін:
● Стартер арқанын ажыратыңыз.
(
7.2)
● Айналмалы тұтқаларды (1) еркін
айналғанша бұрап шығарыңыз жəне
бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2) алға
аударып, құрылғыға жайылуына
мүмкіндік беріңіз.
6
505