4. Жабындау жөніндегі
нұсқаулық
4.1 Жалпы ақпарат
Жабындау барысында шабылған шөп
пышақ əрекетінің аймағында ауа жіберу
есебінен бірнеше рет ұсақталады, кейін
қайтадан қыртыстың сыртына үрлеп
шығарылады. Шабылған шөп көгалдың
бетінде қалады.
Шабылған шөп шіріген кезде топыраққа
органикалық қоректік заттар береді
жəне табиғи тыңайтқыш болып
табылады.
Шөп жинағышты босатудың жəне
шабылған шөпті пайдаға асырудың
қажеті жоқ. Арамшөптердің өсуі
баяулайды жəне тыңайтқыштардың
айтарлықтай көлемі жинақталады.
4.2 Жабындау қалай жүзеге
асырылады?
● Жиілік:
Көктемде (негізгі өсу кезеңінде)
аптасына кем дегенде 2 рет, жаз бен
күз мезгілдерінде аптасына кем
дегенде 1 рет.
● Кесік биіктігі:
Шөп ұзындығын шамамен үштен бір
бөлігін кесіңіз, тек 3-тен 5-ке дейінгі
кесік биіктігін пайдаланыңыз.
● Жабындау тек құрғақ көгалда жүзеге
асырылады.
● Жақсы өткірленген пышақпен ғана
жұмыс істеңіз.
60
● Шабу бағытын ауыстырып отырыңыз
жəне шабылып жатқан беттердің
қабатталуын қадағалаңыз.
● Өте биік шөпті сатылап өңдеу керек.
5. Техникалық қызмет
көрсету
5.1 Пышаққа күтім жасау
● Пышаққа күтім жасау жөніндегі
нұсқауларды көгалшапқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан
таба аласыз, осы нұсқаулықтар көп
функциялы пышаққа да қатысты
болады.
Көп функциялы пышақты орнату
процесі «Монтаждау» бөлімінде
түсіндірілген. (
3.1)
● Пайдаланар алдында құрылғыны
тазалау позициясына қойыңыз, көп
функциялы пышақты тазалаңыз,
зақымдалған жерлерінің бар-жоғын
тексеріңіз (шытынаған жерлер,
сызаттар) жəне тозу белгілерін
тексеріп алыңыз, қажет болған
жағдайда пышақты ауыстырыңыз.
● Штангенциркульдің көмегімен
пышақтың қалыңдығын бірнеше
жерден тексеруге болады.
Пышақ қалыңдығы: > 1,6 мм
● Екі пышақ қалағының минималды
енін сызғыш пен штангенциркуль
көмегімен тексеріңіз.
Минималды ені: > 22 мм
6. Басқа да қосалқы
бөлшектер
Көп функциялы пышақ:
6320 702 0120
Пышақ бұрандамасы:
6310 760 2800
4
0478 909 9926 B - KK