Тозу Дəрежесін Барынша Азайту - Stihl RL 540 Manuel D'utilisation

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 47
Құрылғыны бекіту:
● Аэратор мен шөп жинағышты (керек-
жарақ – жеткізілім жинағына
кірмейді) жүк тиеу алаңына арнайы
бекіту құралдарымен бекітіңіз.
Құрылғыны тек дөңгелектеріне қойып
тасымалдаңыз.
● Бас тұтқаның төменгі бөлігіндегі (3),
алдыңғы біліктегі (4) жəне
лақтырманың қақпағының (5)
астындағы корпус тірегіндегі
арқандар мен белдіктерді бекітіңіз.
13. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Аэратор, қолмен басқарылады,
іштен жанатын қозғалтқышы бар
(STIHL RL)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұсқат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
пайда болған кез келген материалдық
залал немесе жарақаттану үшін STIHL
компаниясы жауапкершілік тартпайды.
STIHL құрылғысының зақымдарын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін міндетті түрде мына
маңызды нұсқауларды орындаңыз:
1. Тозатын бөлшектер
STIHL құрылғысының кейбір бөлшектері
мақсатына сай пайдаланылған кезде де
қалыпты тозуға тап болады жəне
оларды пайдалану түрі мен ұзақтығына
қарай уақыт өте келе ауыстыру керек.
510
Оларға мыналар жатады :
– Пышақ
– Сына тəрізді белдік
– Шөп жинағыш (керек-жарақ –
жеткізілім жинағына кірмейді)
2. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарын орындау
STIHL құрылғысын пайдалану, сақтау
жəне оған техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
– өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу.
– STIHL компаниясы тарапынан рұқсат
етілмеген өндірістік материалдарды
қолдану (майлау материалдары,
бензин жəне мотор майы, іштен
жанатын қозғалтқыш өндірушісінің
мəліметтерін қараңыз).
– сапасы төмен, қабылдарлық емес,
құрылғыға арналмаған құралдарды
жəне керек-жарақтарды пайдалану.
– өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
– өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
– бөлшектері ақаулы өнімді
пайдаланудан болатын зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар
«Техникалық қызмет көрсету»
бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстар
тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
осы жұмыстарды пайдаланушы өз
бетімен өткізе алмаған жағдайда
делдалға хабарласу керек.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек қана STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Осы жұмыстар өткізілмеген жағдайда
пайдаланушыны жауапкершілікке
тартатын зақымдар пайда болуы
мүмкін.
Оларға мыналар жатады:
– тоттануға жəне дұрыс сақтамауға
байланысты басқа да зақымдары.
– сапасыз қосалқы бөлшектерді
қолдануға байланысты сынған
жерлері.
– уақытында өткізілмеген немесе
жеткіліксіз түрде өткізілген
техникалық қызметтен туындаған не
болмаса біліксіз тұлғалар тарапынан
өткізілетін сервистік жəне жөндеу
жұмыстарының кезінде пайда болған
зақымдар.
0478 670 9907 A - KK

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières