Құрылғыны тастар мен қиыршық
тастарға орнатып пайдалануға тыйым
салынған, ұшқындайтын материалдан
жарақат алуы мүмкін.
Əр ретте бастаған кезде құрылғы тиісті
түрде жабылғандығына көз жеткізіңіз.
(
11.2)
Қауіпті жағдайда тез əрекет етуге
арналған ажыратқыштардың
орналасқан жерін есте сақтаңыз.
Суарма шұңғыманың, шашырандыдан
қорғайтын панельдері бүтін болуы тиіс
жəне суарма тесікті толықтай жауып
тұруы тиіс, зақымданған
шашыратқышты айырбастау керек.
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыны тек дұрыс жиналған күйде
ғана пайдалануға болады. Құрылғыда
бөлшектер (мысалы , дөңгелектер) жоқ
болса, белгіленген қауіпсіз қашықтық
сақталып тұрмайды, сонымен қатар,
құрылғының тұрақтылығы азаюы
мүмкін.
Іске қосу алдында тиісті қашықтықты
бақылап тексеріңіз!
«Дұрыс жинау» деген сөздің
мағынасына тек құрылғыда барлық
бөлшектердің орнатылуы деп қана
түсінуге болмайды, сонымен қатар
келесі əрекеттерді жасау:
– Шұңғыманың жоғарғы бөлігі
төменгісіне орнатылған,
– тиеу шұңғымасы негізгі құрылғыға
орнатылған жəне екі бұрандалы
тығын да тартылған,
– Дөңгелек тірегі орнатылған,
– екі дөңгелегі де орнатылған,
530
– Барлық қорғаушы құралдар
(лақтырманың астаушасы,
шашырандыдан қорғайтын
панельдер жəне т.б.) орнатылған
жəне жұмысқа жарамды,
– шапқыш бөлік (дискілі пышақ)
орнатылған,
– барлық пышақтар дұрыс орнатылған.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды.
Зақымдар мен майысқан жерлерінің
бар-жоғын тексеру арқылы дискілі
пышақты тексеріңіз жəне қажет
болғанда ауыстырыңыз.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Жұмыс барысында жұмыс аймағында
өзге заттар мен батпақ болмау керек.
Сүрініп кетуге болатын барлық
заттарды алып тастаңыз: тастар,
бұтақтар, сымдар жəне т.б.
Пайдаланушының орны ұсақтағышты
орналастырған орыннан жоғары
болмауы тиіс.
Іске қосу:
Іске қосар алдында құрылғыны сенімді
вертикалды күйде орналастырыңыз.
Горизонталды күйде пайдалануға
тыйым салынған.
«Қолданысқа енгізу» бөлімінің
нұсқауларын сақтай отырып, шапқышты
абайлап қосыңыз. (
10.)
Бензинді немесе электр моторды іске
қосқан кезде материалдарды тастауға
арналған саңылаудың алдында тұруға
болмайды. Сөндірген кезде бақ
ұсатқышының ішінде өңделіп жатқан
материалдар қалып қоймауы тиіс. Бұл
жағдайда материал сыртқа тасталып,
адамдарға зақым келтіруі мүмкін.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу / сөндіру «ойындарын»
болдырмаған жөн.
Электр қозғалтқышының қызып кету
қаупі!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін.
Бұл жағдайда келесі əрекеттерді
орындау қажет (мысалы, аспапты басқа
электр желісіне немесе кедергісі ең
төмен желіге қосуға болады).
0478 201 9906 D - KK