Télécharger Imprimer la page

Bosch UniversalChainPole 18 Notice Originale page 196

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChainPole 18:

Publicité

196 | Қазақ
және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз
тұрған уақыттары).
Іске қосу
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Құралда кезкелген жұмыстарды өткізу алдынан
u
(мысалы, күту, құрылғыларды ауыстыру және т.б.)
және құралды тасымалдау немесе сақтау қою
алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып
алыңыз. Қосу/Өшіру түймешігін бұғаттау
түймешігімен бірге кездейсоқ түрде басып қалу
арқылы жарақаттану қаупінің пайда болуы мүмкін.
Қосқышты бұйым батареясы толығымен енгізіліп
u
қойылғанынан кейін ғана басыңыз.
Аккумуляторды орнату/шығарып алу (D және
O суреттерін қараңыз)
Нұсқау: Аккумуляторды лайықсыз түрде қолдану
құралдың дұрыс істемей қалуына немесе құралдың
бұзылып қалуына апара алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (17) телескоптық
тұтқасының ішіне енгізіңіз. Аккумулятордың толығымен
енгізіліп қойылғанын тексеріңіз.
Аккумуляторды(17) құралдан шығарып алу үшін
алдымен аккумуляторды бұғаттаудан шығаратын
түймешегін(18) басып, аккумуляторды ара шынжыры
бағытына қарай, алға тартыңыз.
Құрастырып орнату
Құралда кезкелген жұмыстарды өткізу алдынан
u
(мысалы, күту, құрылғыларды ауыстыру және т.б.)
және құралды тасымалдау немесе сақтау қою
алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып
алыңыз. Қосу/Өшіру түймешігін бұғаттау
түймешігімен бірге кездейсоқ түрде басып қалу
арқылы жарақаттану қаупінің пайда болуы мүмкін.
Құралды құрастырып орнату (C және E
суреттерін қараңыз)
Бұтақтар ұшын қиюшының бастиегін және телескоптық
тұтқаны бір бірімен беттеу түрде жалғап, олардың
тіркесімін жалғайтын бөлшекті (6)бұру арқылы бекітіңіз.
Екі бөлшектің әрқайсысы лайықты түрде құрастырылып
орнатып және бұғатталып қойылғанын тексеріңіз.
Иық бауын (11) тұтқалардың иық бау құлақшаларында
(10)/(13) бекітіңіз. Иық бауында мөлшерлері түрлі
болған ілгештері бар болғанына назар аударыңыз.
Үлкенірек ілгіш (20) артқы тұтқасындағы иық бау
құлақшасында (13) , ал мөлшері кішкенірек болған ілгіш
(19) алдыңғы тұтқасындағы иық бау құлақшасында (10)
бекітіліп қойылғанын тексеріңіз.
Ара шынжырын қорғау құрылғысын алып тастаңыз.
F 016 L94 806 | (17.09.2024)
Телескоп биіктігін реттеп орнату (F суретін
қараңыз)
Телескоп биіктігінің реттегішін (8) осы реттегішті бұру
арқылы босатып алып, телескоптық құбырды (7) Өзіңіз
қалаған ұзындыққа қойып, телескоп биіктігінің реттегішін
(8) қайтадан нық қылып бекітіңіз.
Құралдың қолданылуына қарай отыра, телескоптық
құбыр(7) 2,1 м және 2,6 м арасындағы ұзындыққа дейін
өзгертіліп қойыла алынады.
Бұрылмалы бастиекті орнату (H суретін
қараңыз)
Реттегіш түймешіктерінің(4)екеуін де бір уақытта бірге
баса отырып, бұтақтар ұшын қиюшының бастиегін
жоғарыға және төменге жылжыту арқылы бұрылмалы
бастиекті Өзіңіз қалаған позицияға қойып, реттегіш
түймешіктерін(4) босатыңыз да, бұтақтар ұшын
қоюшының бастиегі лайықты түрде бұғатталып
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Бұрылмалы бастиегі 9 түрлі позицияда бұғатталып
қойыла алынады.
Ара шынжырын керу (J суретін қараңыз)
Шынжыр кернеуін жұмысты бастау алдынан, алғашқы
кесу әрекеттерінен кейін және арамен кесу барысында
үнемі әр 10 минут бойы тексеріп жүріңіз. Әсіресе жаңа
ара шынжырларын қолданғанда алғашқы уақытта
кеңейтудің жоғары бола алуына назар аударуыңыз
лазым.
Ара шынжырын тек қана ол суық қалыпта болғанда
керіңіз. Қызып тұрған қалыпта болған ара шынжырды
керу шынжырдың асқын кернеуіне апара алады.
– Ара шынжыры(1) , оны ортасынан шам. 2–3 мм ғана
көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс кернелген деп
саналады. Бұл әрекет ара шынжырын шынжырлы
араның өз салмағына қарсы бір қолмен жоғарыға
қарай тарту арқылы өткізілуі лазым.
– Шынжыр кернеуін реттеп орнату үшін ара
шынжырдың керу бұрандасын(5) ішкі алтықырлы
бұрандамасымен сағат тілі бағытымен бұрыңыз
(шынжыр кернеуін арттырады) немесе сағат тілі
бағытына қарсы бұрыңыз (шынжыр кернеуін
азайтады).
Ара шынжырын майлау (I суретін қараңыз)
Нұсқау: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде бұтақтар
ұшын қиюшы құрал арнайы ара шынжыр майымен
толтырылмаған қалыпта болады. Шынжырлы араны
қолдану алдынан оның маймен толтырылған болуы
маңызды. Бұтақтар ұшын қиюшы құралын ара шынжыры
үшін арналған арнайы майсыз қолдануы немесе бар
болған май көлемі керекті деңгейден төмен болғаны
бұтақтар ұшын қиюшы құралының бұзылуына апарады.
Ара шынжырының қызмет ету мерзімі мен кесу өнімділігі
оның майлану оңтайлығына байланысты болады.
Сондықтан ара шынжыры, ол май бүріккіш арқылы
жұмыс істеп тұрған уақытта автоматты түрде ара
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 600 hb3 1