Télécharger Imprimer la page

Bosch UniversalChainPole 18 Notice Originale page 192

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChainPole 18:

Publicité

192 | Қазақ
Лайықты қорғаныш құралдары жарақаттану қаупін
азайтады.
Бақша биіккескішін басыңыздан жоғарырақ
u
деңгейде пайдаланғаныңызда әрқашан басты
қорғайтын құралын қолданыңыз. Жоғарын түсіп
жататын заттар ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Әрқашан тұрақты тұру қалпыңызға көз жеткізіп,
u
бақша биіккескішін тек қана жерде тұрып
пайдаланыңыз. Тайғанақ үстілер немесе тұрақты
емесе тұру жерлер тепе-теңдіктің жоғалуына немесе
құрал бойынша басқару қабілетінің жоғалып қалуына
апаруы мүмкін.
Ағаштарда, баспалдақтарда немесе басқа тұрақты
u
емес үстілер үстінде тұрғаныңызда бақша
биіккескішін пайдаланбаңыз. Бақша биіккескішін
осындай түрде пайдалану тепе-теңдіктің жоғалуына
немесе құрал бойынша басқару қабілетінің жоғалып
қалуына және жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Кез келген электр ток кабельдері мен сымдарын
u
кесу аумағынан ұзақ ұстаңыз. Электр ток кабельдері
немесе сымдары ағаштарда көзбен көрінбейтін түрде
орналасып, абайсыздықтан ара шынжыра немесе ара
дискі арқылы кесіліп кетуі мүмкін.
Бақша биіккескішін ауа райы нашар болған кезде,
u
әсіресе күн күркіреуі басталайын деп жатқанда
пайдаланбаңыз. Осының арқасында найзағай түсу
қаупін азайтуға болады.
Кернеу астында тұрған бұтақты кескен кезде осы
u
бұтақтан кері соққы келе алатынын ескере отырып
әрекеттеніңіз. Бұтақтағы кернеу босатылса, кері
соққы беретін бұтақ пайдаланушыға тиіп қалуы және/
немесе бақша биіккескіші бойынша басқару жоғалып
кетуі мүмкін.
Шағын бұталарды немесе жас өсімдіктерді кескен
u
кезде аса абайлап отырып әрекеттеніңіз. Шағын
материал ара шынжырына немесе ара дискісіне ілініп
не түсіп қалып, Өзіңізге қарай атылуы немесе тепе-
теңдігіңіздің жоғалуына апаруы мүмкін.
Өшірілген қалыпта болған бақша биіккескішін
u
тасып жүргеніңізде құрал қосқышы басылып
қалынбайтынына назар аударып, ара шынжырын
немесе ара дискін денеңізден ұзақ ұстап жүріңіз.
Бақша биіккескішін дұрыс түрде тасып жүру
арқасында ара шынжырына немесе ара дискісіне
абайсыздықтан жанасып қалу қаупі азайтылады.
Бақша биіккескішін тасымалдау немесе сақтау
u
кезінде оны әрқашан қорғаныс жапқышымен
немесе ара дискі жапқышымен жауып қойыңыз.
Бақша биіккескішін дұрыс пайдалану және ұстау
арқасында ара шынжырына немесе ара дискісіне
абайсыздықтан жанасып қалу қаупі азайтылады.
Құралда қысылып қалған материалдарды
u
шығарып алу алдынан, құралды сақтауға қою
немесе құралда техникалық күтім жұмыстарын
өткізу алдынан бақша биіккескіші өшірілген
қалыпта болуын және барлық аккумуляторлары
шығарылғанын тексеріңіз. Құралдан қысылып
F 016 L94 806 | (17.09.2024)
қалған материалды шығарып алу кезінде немесе
құралда техникалық күтім жұмыстарын өткізу кезінде
құралды абайсыздықтан қосып қалу ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Тек қана ағашты кесіңіз. Бақша биіккескішін басқа
u
мақсаттар үшін қолданбаңыз. Мысалы: Бақша
биіккескішін пластмасса, металл, кірпіш
қалауларын кесу үшін немесе ағаштан жасалмаған
құрылыс материалдарын кесу үшін
пайдаланбаңыз. Бақша биіккескішін мақсат аясына
кірмейтін басқа жұмыстар үшін пайдалану қауіпті
жағдайларға апаруы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл құралдың құрамында магниттер бар - Магнитті
u
ешбір имплантаттар және басқа медициналық
құралдардың жанына, мысалы жүрекширатқыш
(кардиостимулятор) немесе инсулин сорғысы,
магниттік деректер тасығыштар және магниттік
тұрғыдан сезімтал құралдардың жанына
жақындатпаңыз. Магнит арқылы медициналық
құралдарының жұмысына жағымсыз әсер ете алатын
немесе деректердің қайтымсыз жоғалуына апара
алатын өріс туындауы мүмкін.
Кері соққының пайда болуы себептері мен оларды
u
болдырмау жолдары:
– Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа
жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры
кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері
соққының пайда болуы мүмкін.
– Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп
қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға
апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы
жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай
соғылып апарылуы мүмкін.
Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы бұтақтар ұшын
қиюшыны ұстау мен қолдану бойынша бақылауды
жоғалтып, ауыр түрде жараланып қалуыңызға апара
алады. Бұтақтар ұшын қиюшы құралын пайдаланушы
ретінде өзіңіз, апаттар мен жарақаттануларға жол
бермей жұмыс істей алу үшін түрлі сақтандыру
шараларын қолданып жүруіңіз лазым.
Кері соққы электр құралды қате немесе жаңылыс
түрде пайдалану салдарынан пайда болады. Төменде
көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік шараларын
қолдану арқылы осы кері соққының пайда болуына
жол берілмейтін болады:
Әрқашан тек қана өндіруші арқылы белгіленген,
u
бағыттаушы қорғағышы бар ара шынжырын
пайдаланыңыз. Лайықсыз ара шынжырлары
шынжырдың жыртылуына немесе кері соққыға апаруы
мүмкін.
Құрал шапқысы зақымданып қалып, оның
u
алмастырылуы керек болып қалған жағдайда Bosch
компаниясының сервистік қызметіне жүгініңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 600 hb3 1