Жуғыш шөткемен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бояудың зақымдалуы
Лас жуғыш шөткенің əсерінен беткі қабаттың
зақымдануы.
Жуғыш шөткені пайдаланар алдында оның лас
еместігіне жəне қоқыстың жоқтығына көз
жеткізіңіз.
1. Жуғыш шөткені жоғары тегеурінді пистолетке
салыңыз жəне оны 90°-қа бұрай отырып,
бекітіңіз.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Денсаулыққа қауіп!
Жуғыш құралдар тиісінше пайдаланылмаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Тазалау құралы өндірушісінің қауіпсіздік деректер
парағын қараңыз.
Көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын киіңіз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс
істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат
етіңіз немесе біздің каталогты жəне тазалағыш
заттар туралы ақпараттық парақтарымызды
сұраңыз.
1. Көбікке арналған саптаманы жоғары қысымды
пистолетке орнатыңыз:
a Көбікке арналған саптаманы жоғары қысымды
пистолетке салыңыз жəне
b 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
2. Көбікке арналған саптамадағы жуғыш құрал
ыдысын бөлшектеңіз.
3. Жуғыш құрал ыдысын қажетті концентрациядағы
сəйкес жуғыш құралмен толтырыңыз.
Жуғыш құралға арналған қаптамадағы
мөлшерлері туралы мəліметтерді қараңыз.
4. Көбікке арналған саптамадағы жуғыш құрал
ыдысын орнатыңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет G
3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды
тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым тасталады.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
6. Құрылғыны су құбырының желісінен
ажыратыңыз.
7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
8. Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі бар!
Салмақ сақталмаған кездегі жарақаттар мен
зақымданулар.
Тасымалдау жəне жүктеу кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
1. Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз жəне көшіріңіз.
Автомобильмен тасымалдау
1. Құрылғыны қисаймайтындай жəне
құламайтындай етіп бекітіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат
алу жəне зақымдану қаупі!
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі.
Тасымалдау жəне жүктеу кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз.
3. Бүріккіш түтіктің екеуін де тиісті қоймаға
қойыңыз.
4. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолеттен ажыратыңыз.
5. Жоғары тегеурінді құбыршек құрылғыдан
ажыратыңыз.
6. Уберите шланг высокого давления для хранения
на устройстве.
7. Жоғары қысымды пистолетті құрылғыға
қойыңыз.
8. Құрылғыдағы желі кабелін салыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды, Күтім
жəне техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Судың қатуына байланысты құрылғы мен керек-
жарақтардың зақымдалуы.
Құрылғы мен керек-жарақтарды əр қолданғаннан
кейін толығымен босатыңыз.
Құрылғыны жəне керек-жарақтарды 0 °C (32 °F)
төмен немесе оған тең температурадан
қорғаңыз.
1. Құрылғыдағы су құбырының желісін
ажыратыңыз.
2. Жоғары қысымды шлангті құрылғыдан
бөлшектеңіз.
3. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
4. Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып
біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
5. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
6. Құрылғыны жəне керек-жарақтарды құрғақ жəне
аяздан қорғалған бөлмеде сақтаңыз.
Қазақша
Тасымалдау
Сақтау
Аяздан қорғау
119