Télécharger Imprimer la page

Bosch 3 601 M19 161 Notice Originale page 252

Publicité

252 | Қазақ
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабымен (1) (кең дайындамаларды) кесу үшін
тартылған бекіткіш бұранданы (32) босатыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (14) және (15) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша тіреуіш планкаладан (14) ары тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Енді манипуляторды (14) және (15) тіреуіш
планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты
жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Жүріссіз аралау (қақпақтар) (K суретін қараңыз)
– Жүріссіз кесіктер үшін (кіші дайындамалар) тартылған
бекіткіш бұранданы (32) босатыңыз. Манипуляторды
тіреуіш планкаға (14) қарай тірелгенше жылжытып,
бекіткіш бұранданы (32) қайтадан тартып қойыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (14) және (15) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (L суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (38) қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы,
қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы
мүмкін.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
1 609 92A 8L9 | (03.03.2023)
Көлденең еңіс
Тік еңіс бұрышы Биіктігі x ені
бұрышы
45° (оң жақ/сол
жақ)
45°
45° (сол жақ)
45°
45° (оң жақ)
45°
Мин. дайындамалар саны (= жинақтағы қысқаш (28)
арқылы ара дискісінен оң немесе сол жақта қысуға
болатын барлық дайындамалар): 100 x 40 мм (ұзындығы
x ені)
Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 70 мм
Тереңдік планкасын реттеу (ойықты аралау) (M
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін
жылжыту керек.
– Тереңдік тіреуішін (31) сыртқа қайырыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (9) керекті күйіне
қисайтыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (4) бұранда ұшы тереңдік
тіреуішіне (31) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау
(N суретін қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін
ұзындық шектегішін (35) (керек-жарақ) пайдалануға
болады.
Ұзындық шектегішін аралау үстелі ұзартқышының (13)
екі жағында да орнатуға болады.
– Бұғаттау бұрандасын (50) босатып, ұзындық
шектегішін (35) қысқыш бұранда (51) үстінен
қайырыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (50) қайта бұрап қойыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (13) қажетті ұзындыққа
реттеңіз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Ішпектерді алмастыру (O суретін қараңыз)
Қызыл түсті ішпектер (19) электр құралын ұзақ
пайдаланғаннан кейін тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– (52) бұрандаларын алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм)
бұрап шығарып, ескі ішпектерді шешіңіз.
– Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз.
[мм]
70 x 312
70 x 225
45 x 312
45 x 225
45 x 225
Bosch Power Tools

Publicité

loading