246 | Қазақ
Белгілер мен олардың мағынасы
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ
немесе қолды осы аймақтан
мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.
Еңіс бұрыштарында аралау кезінде
реттелетін тіреуіш планканы сыртқа
қарай тарту керек.
Дайындамалар бос жағында аралау
үстелінің ұзартқыштары арқылы
басылып тірелуі тиіс.
ø max.
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар
216
аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз
аспап шпинделіне сай келуі керек.
Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану
керек болса, жалғастырғыш тетік
өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына
және тесіктерінің диаметріне және
аспап шпинделінің диаметріне сай
болуына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен
жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланыңыз.
Ара дискісінің диаметрі белгідегі
дерекке сай болуы тиіс.
Қыспа иінтірек жабық:
Манипулятордың реттелген тік еңіс
бұрышы сақталады.
Қыспа иінтірек ашық:
Тік еңіс бұрыштарын реттеуге болады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
1 609 92A 8L9 | (03.03.2023)
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы тік қойылатын құрылғы ретінде қатты және
жұмсақ ағашта, сондай-ақ жоңқалық және талшықтық
плиталарда кесудің түзу бағытымен бойлық және
көлденең кесу жұмыстарын орындауға арналған. Бұл
ретте –52° және +60° аралығындағы көлденең еңіс
бұрыштары және –2° және +47° аралығындағы тік еңіс
бұрыштары болуы мүмкін.
Тиісті ара дискілерін пайдаланған кезде алюминий
профильдері мен пластикті аралауға болады.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы
лазерлік өнімі болып табылады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Тарту аспабы
(2)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр
(3)
Тасымалдау тұтқасы
(4)
Тереңдік шектегішінің дәлдеу бұрандасы
(5)
Лазер қорғаныш қалпақша
(6)
Бағыттауыш ролик
(7)
Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып
(8)
Ажыратқыш
(9)
Тұтқа
(10)
Қорғаныш қаптама
(11)
Маятниктік қорғаныш қаптама
(12)
Ара төсемі
(13)
Аралау үстелінің ұзартқышы
(14)
Тіреуіш планка
(15)
Жылжымалы тіреуіш планка
(16)
Аралау үстелі
(17)
Аралау үстелі ұзартқышының қыспа иінтірегі
(18)
Еңіс бұрышының шкаласы (көлденең)
(19)
Ішпек
(20)
Бұғаттау қапсырмасы
(21)
Кез келген еңіс бұрышын бекіткіш тетік
(көлденең)
(22)
Еңіс бұрышын алдын ала реттеу иінтірегі
(көлденең)
(23)
Аударылудан қорғаныс
(24)
Еңіс бұрышына арналған бұрыш индикаторы
(көлденең)
(25)
Стандартты еңіс бұрышына арналған ойықтар
(көлденең)
(26)
Монтаждық саңылаулар
Bosch Power Tools