136 | Қазақ
Ажыратқышты (7) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 13 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (10) "Vario-
Lock" күйіне бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (10) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
– Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Бұғаттау функциясымен қашау
Ажыратқышты (7) тұрақты түрде басып тұрмай ұзақ уақыт
қашау үшін ажыратқышты "Қашау" жұмыс режимінде
бұғаттаңыз.
– Бұғаттау үшін ажыратқышты (7) тірелгенше басыңыз
да, дәл сол уақытта реттеу түймесін (6) басыңыз.
– Өшіру үшін реттеу түймесін (6) қайтадан басыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (J суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (13) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (11) басып,
тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (12) орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (13) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал
бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе
SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау
тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік
шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
1 609 92A 9EX | (13.05.2024)
Енгізу құралын енгізу (K суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі
бар әмбебап ұстағыш (26) қажет болады.
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне
автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек
бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді
пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау
төлкесін (5) артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты
(26) құрал бекіткішінен шығарып алыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
– Құрал бекіткішін (3) әр пайдаланғаннан кейін
тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools