Télécharger Imprimer la page

Bosch GBH 220 Professional Notice Originale page 135

Masquer les pouces Voir aussi pour GBH 220 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Saugfix менен шаңсору
Сорғыш құрылғыны орнату (G суретін қараңыз)
Шаң сору үшін Saugfix қажет болады. Бұрғылау кезінде
Saugfix артқа серпіледі, осылайша Saugfix бастиегі
әрдайым түбінде болады.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (11) басып,
тереңдік шектегішін (13) шығарып алыңыз. (11)
түймесін қайтадан басып, Saugfix тетігін алға қарай
қосымша тұтқаға (12) орнатыңыз.
– Сорғыш шлангіні (диаметрі 19 мм) Saugfix кіріс
саңылауына (20) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Saugfix арқылы бұрғылау тереңдігін реттеу (H суретін
қараңыз)
Қажетті бұрғылау тереңдігін X Saugfix орнатылған кезде
де реттеуге болады.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал
бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе
SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау
тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Saugfix тетігіндегі қатпарлы бұранданы (24) бұрап
босатыңыз.
– Электр құралын қоспай, жұмыс бетіне тұрақты етіп
орнатыңыз. Бұл ретте SDS plus алмалы-салмалы
аспабы бетке қонуы керек.
– Saugfix бағыттауыш құбырын (25) ұстағышында,
Saugfix бастиегі бұрғыланатын бетте орналасатындай
етіп жылжытыңыз. Телескоптық құбырдағы (23)
шкаланың көп бөлігі көрінуі үшін, бағыттауыш
құбырды (25) телескоптық құбырда (23) одан ары
жылжытпаңыз.
– Қатпарлы бұранданы (24) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Saugfix тереңдік шектегішіндегі қысқыш бұранданы
(21) бұрап босатыңыз.
– Телескоптық құбырдағы (23) тереңдік шектегішін (22)
суретте көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне сәйкес болатындай етіп жылжытыңыз.
– Қысқыш бұранданы (21) осы күйде бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Bosch Power Tools
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (10) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (9)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (10)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (10) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу (I суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (8) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8)
солға қарай тірелгенше итеріңіз.
– Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (8) оңға қарай тірелгенше
итеріңіз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (7) басыңыз.
– Ажыратқышты (7) бұғаттау үшін оны басып тұрып,
бекіту түймесін (6) қосымша басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7)
жіберіңіз. Ажыратқыш (7) бұғатталған кезде, оны
алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қазақ | 135
1 609 92A 9EX | (13.05.2024)

Publicité

loading